24 саусағы бар ер адам жұмысқа орналаса алмай жүр - ФОТО
АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қарапайым адамнан саусақтарының көптігімен ерекшеленген үндіс 50 компанияға жұмыс сұрап барған. Алайда мутант-ер адамның қолы мен аяғындағы саусақтарының 20 емес, 24 болғасын оны ешкім жұмысқа алмаған, деп жазады Утро.ру.
Өзінің дағдылары мен икемділігін Виджей Сингх Ұлыбританияда қолдану керек деп шешкен. Онда ол жаңа жылдан кейін жолға шықпақ.
Сингх генетикалық науқаспен дүниеге келген. Салдарынан үндістің қолы мен аяғынан алты саусақтан шыққан. Ерекше адам минутына 100 сөзге дейін тере алады. Ол өз елінде жұмыс табуға тырысқан. Ол шамамен 50 компанияға жұмыс сұрап барған.
Енді 48 жастағы Сингх өз бақытын Ұлыбританияда сынап көрмек.