24 жастағы қазақстандық ару Miss Intercontinental Халықаралық байқауына қатысады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық 24 жастағы бойжеткен Филиппинде өтетін Miss Intercontinental-2019 байқауында бақ сынамақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Әзиза Тоқашова Астана қаласының тұрғыны, экономист мамандығын тәмамдаған.

Қазір бойжеткен өзінің бағын модель бизнесінде, блогерлік салада сынап жүр.

«Мен шағын қалада дүниеге келдім. Бала кезімнен атақты болғым келді. Балет мектебінде тәлім алдым. Менің отбасым барлық қадамыма қолдау білдіріп отыр», - деді Әзиза Тоқашова өзінің анкетасында.null

Одан бөлек бойжеткен теннис, йогамен айналысады. Аттың құлағында ойнайды.

«Мен әлеуметтік жұмыспен айналысқанды жақсы көремін. Балалар үйін аралағанды жақсы көремін. Менің өмірімдегі ең ұлы мүмкіндіктердің бірі - осы керемет байқауға қатысу. Мен бұрыннан арманға сенетінмін. Қазіргі арманым - Құрлық аруы атану», - деді қазақстандық бойжеткен.null

Айта кету керек, биыл аталған байқау Филиппиндегі Манила қаласында өтеді.

Жеңімпазға берілетін Oriental Holy Water тәжі 361 446 АҚШ долларына бағаланып отыр.

Бұл байқау қаңтардың басында басталды. Қазір іріктеу кезеңі жүріп жатыр. Финал 26-қаңтарда өтеді.

Соңғы жаңалықтар