24 желтоқсан күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 24 желтоқсанда Қазақстан қалаларында өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

24 желтоқсан күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де ҚР Үкімет үйінде ҚР Экологиялық кодексінің жобасы туралы Үкімет отырысы өтеді.

9.00-де Қазмедиа орталығында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру: Қазақстандағы медицинаның трансформациясы» форумы басталады.

10.00-де «Парасат» бизнес орталығында Тұтынушылардың құқығын қорғау кеңесінің кезекті отырысы өтеді.

10.00-де «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мейрам Пішембаев азаматтарды қабылдайды.

11.00-де «Еуроцентр» бизнес орталығында Еуразиялық интеграция орталығында Мемлекет басшысы қызметінің қорытындысы туралы «Тоқаевтың 10 басты ісі» сараптамалық баяндамасы таныстырылады.

11.15-те Нұр-Сұлтан қаласы ауданаралық арнайы мамандандырылған экономикалық сотында «Дипломат» қонақ үйі туралы азаматтық іс бойынша сот отырысы өтеді.

15.00-де Ақордада ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысының 2019 жылғы қызмет қорытындысы туралы брифинг өткізеді.

АЛМАТЫ

12.00-де Қазақстанның Баспасөз клубында Қазақстан тұтынушыларының Ұлттық лигасы 2019 жылдың қорытындысына арналған баспасөз мәслихатын өткізеді.

16.30-да Азаматтық орталықта бизнес, велоқауымдастық және мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен «Алматы қаласындағы велоқозғалыс пен велосипед инфрақұрылымын дамыту» тақырыбында кездесу өтеді.

17.00-де Chaplin Cinemas Almaty кинотеатрында «Каникулы off-line 2» жаңажылдық комедиясының алдын ала көрсетілімі өтеді.

17.00-де Алматы Аренада Хабиб Нурмагомедовтың баспасөз мәслихаты және жанкүйерлерімен кездесуі өтеді.