24 желтоқсан күні Нұр-Сұлтанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 24 желтоқсанда болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

24 желтоқсан күні Нұр-Сұлтанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының кезекті отырысы болады. Сенат отырысы палатаның www.parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.

11.00-де «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры П. Штурм компанияның 2020 жылғы қызметінің қорытындылары мен алдағы жылдың жоспарлары жөнінде онлайн баспасөз конференциясын өткізеді.

15.00-де Astana Hub алаңында мектеп оқушыларына арналған алғашқы «Ozgeris powered by Halyk Fund» онлайн бизнес-инкубатордың таныстырылымы өтеді.

15.00-де елорда мәслихатының Facebook-аккаунтында «Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік осал топтарды (аз қамтылған отбасылар, мүгедектер, көпбалалы отбасылар, жетім балалар және басқалар) қолдау және оңалту шаралары туралы» қоғамдық тыңдау өтеді.

16.00-де ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованың, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбілдің, Polymedia және ERG компанияларының өкілдерінің қатысуымен цифрлық коворкинг орталығы ашылады.

16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баспасөз мәслихатын өткізеді. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.