24 жеңіске қол жеткізген қарағандылық «Сарыарқа» ЖХЛ чемпионатында көш бастап келеді

ҚАРАҒАНДЫ. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы Жоғарғы хоккей лигасы чемпионатының ойындарында 24-ші жеңісіне қол жеткізіп, көшбасшы болып қалуда, деп хабарлайды Қарағанды облыстық туризм, денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

24 жеңіске қол жеткізген қарағандылық «Сарыарқа» ЖХЛ чемпионатында көш бастап келеді

Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы 25 қаңтар күні «Қарағанды арена» мұз сарайында болып өткен Жоғарғы хоккей лигасының тұрақты чемпионатында челябілік «Челметті» 4:3 есебімен жеңді», - делінеді хабарламада.

Бірінші кезеңде қонақтар 1:2 есебімен алға шықты, алайда қарағандылықтар екінші кезеңде есепті теңестіре алды. Ойынның үшінші кезеңінде екі команда 3:3 есебімен тең түсіп жатты. Челябіліктердің қарсылығын еңсере алып, ойынның аяқталуына 5 минут қалған кезде Денис Кузьмин төртінші шайбаны соқты. Ойынның нәтижесі: 4:3, «Сарыарқаның» пайдасына.

«Ағымдағы маусымда бұл қарағандылықтардың 24-ші жеңісі. «Сарыарқаның» рекордтық жеңістер сериясы үзілгеніне қарамастан, ол 2012-2013 жылдардағы ЖХЛ тұрақты чемпионатында көшбасшы болып табылады», - деп атап өтті облыстық туризм, денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

28 қаңтарда «Сарыарқа» ХК өз алаңында Төменгі Тагил қаласынан келетін «Спутник» командасын қабылдайды.

0:1 - Филонов (Исмайлов, Кузнецов) - 01:52.
0:2 - Панасенко (Уткин, Елизаров) - 15:28 (5x4).
1:2 - Кокуёв (Канарский, Перри) - 17:54 (5x4).
2:2 - Кузьмин (Кокуёв) - 36:48 (4x4).
2:3 - Уткин (Бородкин, Елизаров) - 41:14.
3:3 - Головин (Кузьмин) - 43:24.
4:3 - Кузьмин (Кудряшов) - 55:55.

Қақпашылар: Франскевич - Данилишин.

Айыппұл: 18 (4-10-4) - 18 (8-8-2).