245 қазақстандық Мысырдан ұша алмай отыр
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Шарм-эш-Шейхте кемінде 245 қазақстандық турист ұша алмай отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Шарм-эш-Шейх-Алматы бағытындағы рейс кеше ұшуы тиіс болатын. Алайда белгісіз себептерге байланысты ұшақ 6 тамызға ауыстырылып, ұшу кестесі 12 сағатқа шегерілді. Туристік агенттік өкілі мұндай жағдайдың нақты себебін түсіндіріп бере алмай отыр. Осы оқиғаға байланысты бізді қонақ үйден әзірге шығармайтындығын хабарлады», - деді ҚазАқпараттың тілшісіне Мысырда ұша алмай отырған туристің бірі Алма Мухамедьярова.