247 теңге тұратын С дәруменін 800 теңгеден сатқан Алматы тұрғыны ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда С дәруменінің 1 қаптамасын (аскорбин қышқылы) 800 теңгеден сатқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық экономикалық тергеу департаментінің мамандары 17 шілдеде жедел іздестіру шараларын жүргізу кезінде С дәруменінің 1 қаптамасын 800 теңгеден сатқан ер адамды ұстады.

ҚР ДСМ 15 шілдедегі бұйрығына сәйкес, «С» дәруменінің 1 қаптамасы 247 теңгеден аспауы тиіс.

Күдікті 95 қаптама дәруменді 80 000 теңгеге сатпақ болған.

Қазіргі таңда ҚР 214-бабының 1-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.



Соңғы жаңалықтар