25 - 27 мамыр аралығы елімізде жауын-шашынды болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 2017 жылғы 25-27 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА.
Синоптиктердің ақпаратына сәйкес, Қазақстанда бақыланған атмосфералық үрдістің жылдам ауысуы ауа райының да күрт өзгеруіне алып келуде. Таяу тәулікте республика облыстарының басым бөлігінде ауа райы суық атмосфералық ағын ықпалында болады. Салдарынан жел күшейіп, жауын жауады, күн күркірейді.
«26 мамырда Ресейдің еуропалық бөлігінен антициклон ығысады. Соның ықпалымен жауын-шашынның қысқа уақытқа тоқтайтыны күтілуде. Алайда 27 мамырда Қазақстанның батыс бөлігінде жауындар қайта басталады. Ауа температурасы климаттық нормаға жақын және одан жоғары болатыны болжануда», - деп атап өтті Қазгидрометтен.
Астана қаласы бойынша ауа райының консультативтік болжамы
25 мамыр: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан 9-14 м/с-пен жел соғады. Түнде +3+5°С, топырақ бетіндегі температура -1-3°С, күндіз +18+20°С болады.
26 мамыр: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с-пен жел соғады. Түнде +4+6°С, топырақ бетіндегі температура -1-3°С, күндіз +20+22°С.
27 мамыр: көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жауын жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с-пен жел соғады. Түнде температура +8+10°С, күндіз +24+26°С.
Алматы қаласы бойынша ауа райының консультативтік болжамы
25 мамыр: көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жауын жауады, күн күркірейді. 0-5 м/с-пен соққан желдің екпіні 8 м/с-қа артады. Түнде температура +15+17°С, күндіз +27+29°С.
26 мамыр: көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жауын жауады, күн күркірейді. 2-7 м/с-пен соққан желдің екпіні 10 м/с-қа жетеді. Түнде температура +15+17°С, күндіз +22+24°С.
27 мамыр: көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жауын жауады, күн күркірейді. 2-7 м/с-пен соққан желдің жылдамдығы 10 м/с-қа артады. Түнде температура +13+15°С, күндіз +25+27°С.