25 адамға Оңтүстік Қазақстан облысының «Құрметті азаматтары» атағы берілді
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының «Құрметті азаматтары» қатары тағы 25 адаммен толықты. Мұндай шешім бүгін облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қабылданды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық мәслихаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күнгейдің «Құрметті азаматтары» деп танылған азаматтардың қатарында сан саланың өкілдері бар. ҚР Парламенті Сенатының депутаттары мен министрлер, Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлері, күнгейден шыққан кәсіпкерлер мен елімізге танымал мәдениет майталмандары, заң қызметкерлерін де осы тізімнен кездестіруге болады. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен халық денсаулығын жақсарту саласында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтар да құрметті деген атаққа лайық деп танылған.
Олар: Халық Абдуллаев - «Атакент» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, Төлеби ауданының Құрметті азаматы;
Қуаныш Айтаханов - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Парасат», «Құрмет»ордендерінің иегері;
Өмірзақ Айтбаев - еңбек ардагері, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері;
Оразкүл Асанғазы - еңбек ардагері, «Құрмет» орденінің иегері, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалінің иегері;
Аманәлі Абдраманов - еңбек ардагері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Шымкент қаласының «Құрметті азаматы»;
Асанәлі Әшімов - ҚР Халық әртісі, Жамбыл облысының Құрметті азаматы, 2003 жылы - «Қазақы оқиға» фильміндегі ролі үшін І «Шәкен жұлдыздары» кинофестивалінің лауреаты, Әлемдік кинодағы зор үлесі үшін ЮНЕСКО Халықаралық Академиясының «Алтын қыран» ордендерінің иегері.
Асқар Бейсенбаев - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері;
Татьяна Бурмистрова - ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері;
Әбілқасым Досболов - «ҚазҚұс Батареясы» Компаниясының президенті, ОҚО мәслихатының депутаты, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері;
Шәріпбек Жамалбек - «Азаматтық Альянс» ЖШС төрағасы, ОҚО мәслихатының депутаты, Бәйдібек, Мақтарал аудандарының «Құрметті азаматы»;
Сәкен Жасұзақов - ҚР Қорғаныс министрі, ІІ дәрежелі «Даңқ» орденінің иегері;
Болат Жылқышиев - «Қазатомөндіріс» Ұлттық атом компаниясы АҚ Басқармасы төрағасының кеңесшісі, ІІІ дәрежелі «Барыс» орденінің иегері;
Бейсенбек Игісінұлы - Ұлы Отан соғысының ардагері, Бәйдібек ауданының «Құрметті азаматы»;
Молдабай Ильясов - еңбек ардагері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қазығұрт ауданының «Құрметті азаматы»;
Ибраһим Иманов - ОҚО прокуроры, ІІ дәрежелі «Даңқ» орденінің иегері;
Дулат Исабеков - «Мәдениет» журналының бас редакторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
Көпен Әмірбек - Республикалық сын-сықақ «Ара» журналының бас редакторы, «Парасат» орденінің иегері;
Ережеп Қанаев - «Окси дел» ЖШС вице-президенті, «Құрмет» орденінің иегері;
Қунақ Кәрсенбай - еңбек ардагері, Қазақстанның Құрметті құрылысшысы;
Жеңісбек Мәуленқұлов - «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ОҚО филиалының төрағасы, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері;
Асқар Мырзахметов - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі, «Құрмет» орденінің иегері;
Шалатай Мырзахметов - еңбек ардагері, «Құрмет» орденінің иегері, Отырар, Созақ аудандарының Құрметті азаматы;
Азат Сатыбалдиев - еңбек ардагері;
Дербісәлі Сексенбаев - ОҚМФА хирургиялық пәндер кафедрасының профессоры, «Парасат» орденінің иегері;
Досым Сүлеев - «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін салушы және алғашқы басқарушысы, «ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағының иегері.
Айнұр Ақбаева