25 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 15 наурыздағы дерек бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония 25 адамнан анықталды және осы дерттен кісі өлімі тіркелмеді. Оған қоса 18 адам емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.
2020 жылғы 13 наурыздан бері барлығы: ауырғандар - 88483, 5347 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 82086 жетті.