25 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы ашық болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 ақпанда, бейсенбі күні республиканың басым бөлігінде ашық ауа райы сақталады, елдің батысында ғана атмосферпалық ағындардың өтуімен кей жерлерде жауын-шашынды, көктайғақ болады деп күтілуде, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті. Республика бойынша кей жерлерінде тұман түседі, жел күшейеді.

25 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы ашық болады

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел күші 15-20, ұйтқуы 23 м/с-қа дейін жетеді, түнде тұман түседі.

Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман түседі, , түнде кей жерлерде көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, жолдарда көктайғақ болады.

Маңғыстау, Ақтөбе, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 18-23 м/с-қа дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.