25 ақпанда Республиканың басым бөлігінде тұман түседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде қар жауып, жел күшейеді; бұрқасын соғып, елдің батысында көктайғақ болады. Республиканың басым бөлігінде тұман сақталады.
None
None

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, тунде Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23 м/с-ға жетеді.

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Бұрқасын соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан  облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің жыллдамдығы 15-20 м/с болады.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын  күтіледі.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Атырау облысында көктайғақ күтіледі.

Соңғы жаңалықтар