25 ақпанда Ұлттық кеңестің бесінші отырысы өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –25 ақпанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысы өтеді. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин Tелеграм каналында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

25 ақпанда Ұлттық кеңестің бесінші отырысы өтеді

«Онлайн форматта өтетін іс-шараға түрлі өңірден өкілдер қатысады. Отырыс барысында бұрын айтылған ұсыныстар, сондай-ақ бірқатар жаңа бастамаларды іске асыру мәселелері талқыланады», - деді Е. Қарин.

Еске салсақ, бұған дейін Ұлттық кеңестің бесінші отырысы ақпанда өтетіндігін хабарлаған болатынбыз. Жаңартылған Мәжіліс құрамында Ұлттық кеңестің 9 мүшесі бар. _Өткен жылы 22 қазанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысы өтті.