25 ақпаннан бастап балабақшаларға жоспардан тыс балаларды жинақтау басталды

АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - Мектепке дейінгі мекемелердің пайдалануына берілуіне байланысты: № 68 балабақшасы - Пригородный кенті, Сарытоғай көшесі, 9 үй (Пригородный кентінде орналасқан), № 69 балабақшасы - 23-31 көше, 41 үй (Тұрсын-Астана тұрғын үй кешені ауданында орналасқан), №70 балабақшасы - 23-31 көше, 39 үй (Тұрсын-Астана тұрғын үй кешені ауданында орналасқан), №71 балабақшасы - Проектная көшесі №199, 36/3 үй («Хан шатыр» ойын-сауық орталығы ауданында орналасқан) балабақшаларында 2013 жылдың 25 ақпаны мен 1 наурызы аралығында топтау жүргізіледі, деп хабарлайды astana.kz сайтына қалалық Білім басқармасынан.

25 ақпаннан бастап балабақшаларға жоспардан тыс балаларды жинақтау басталды

Сондай-ақ, қалалық Білім басқармасы мектепке дейінгі мекемелердегі орын тапшылығына байланысты, жинақтау жұмыс тобында ата-аналардың тұрғылықты мекен-жайына байланысты балабақшаға жолдама беру мүмкіндігі жоқ. Мектепке дейінгі мекемелерге жинақтау жұмыс тобына барудың алдында, жаңадан ашылып жатқан балабақшалардың орналасқан мекен-жайымен танысуды ұсынады. Егер балабақшалардың орналасу мекен-жайы Сізге қолайлы болмаса, 2013 жылы маусым айында жүргізілетін жоспарлы жинақтау жұмыс тобына кезек саныңыз сақталған қалпында қатыса аласыз», - делінген хабарламада.

Топтау 2013 жылғы 25 ақпаннан басталады. Өткізілетін орны: №26 бастауыш мектеп (Конституция, 44). Жұмыс режімі: күнделікті сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

Сенбі, жексенбі - демалыс күндері.

2013 жылы жаңадан қолданысқа берілген мектепке дейінгі мекемелерге топтауға босаған орындар саны

Туған жылы

Барлық босаған орындар саны

Кезекте тұрғандар

Жеңілдіктер бойынша

2010 т.ж

200

140

60

2009 т.ж

200

140

60

2008 т.ж

200

140

60

2007 т.ж

200

140

60

2006 т.ж

200

140

60

Барлығы:

1000

700

300

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің орындар бөлу тізімі

Жылдар

Күні

1-жарты күндікте

2-жарты күндікте

2010 ж.т.

25.02.2013ж.

№1 ден №70

№1 ден №70

2009 ж.т.

26.02.2013 ж.

№1ден №70

№1ден №70

2008ж.т

27.02.2013 ж.

№1 ден №70

№1ден №70

2007 ж.т.

28.02.2013 ж.

№1 ден №70

№1ден №70

2006 ж.т.

1.03.2013 ж.

№1 ден №70

№1ден №70