25 қаңтар. Туған күн иелері

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 25 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

25 қаңтар. Туған күн иелері

null
ЕСІМДЕР

64 жыл бұрын (1955) Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры Төлеш Ерденұлы ҚАУДЫРОВ дүниеге келген.

Петропавл қаласында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1977), заңгер. Еңбек жолы: С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетінде ассистент, аға оқытушы, доцент, деканның орынбасары (1977-1990); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қызметкері (1990-1992); Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің жанындағы Ұлттық патент ведомствосының, Қазпатенттің, Қазақстан патенттік сараптама институтының төрағасы (06.1992-06.2002); Қазақ гуманитарлық-заң университетінің Азаматтық-құқықтық зерттеулер институтының директоры, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің халықаралық ынтымақтастық қызметінің жетекшісі (2002-2003); «Әділет» жоғары құқық мектебінің азаматтық құқық және азаматтық процестің жеке-құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі (2003-2007); Каспий қоғамдық университетінің «Әділет» заң академиясының директоры (2007-2008); Қазақ гуманитарлық-заң университетінің Азаматтық-құқықтық зерттеулер институтының директоры, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің халықаралық ынтымақтастық қызметінің басшысы (2002-2007); 2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Халықаралық Кеңестің мүшесі болды.

Қазіргі лауазымын 2017 жылғы маусымнан бері атқарып келеді.

В.И. Блинников атындағы «Өнертапқыштық және патенттеу ісін дамытуға қосқан үлесі үшін» алтын медалімен (2006); Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған.

62 жыл бұрын (1957) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жоғарғы қолбасшылық өкілі, генерал-майор Мұқан Естайұлы ДҮЙСЕКЕЕВ дүниеге келді.

Павлодар облысының тумасы. Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін (1978), Мәскеу қаласы М.В.Фрунзе атындағы Әскери академиясын (1993), РФ ҚК Бас штаб Әскери академиясын бітірген (1999). 1974-1978 жылдары Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесінің курсанты, Орта Азия ӘО әскерлері мотоатқыштар дивизиясы мотоатқыштар полкі мотоатқыштар взводының командирі, 55712 әскери бөлімі арнайы мақсаттағы бөлімшесінің топ командирі, Түркістан ӘО 43151 әскери бөлімі арнайы мақсаттағы бөлімшесінің арнайы жасақ топ командирі, Орта Азия ӘО әскерлері жеке гвардиялық десант-шабуыл бригадасы парашют-десант ротасының командирі, батальон командирінің орынбасары - штаб бастығы, батальон командирі, Түркістан ӘО Қолбасшысының қарамағында, М.В.Фрунзе атындағы Әскери академиясының тыңдаушысы (1978-1993), ҚР ҚМ карамағында жеке гвардиялық десант-шабуыл бригадасы командирінің орынбасары, бригада командирі, РФ ҚК Бас штаб Әскери академиясының тыңдаушысы, механикаландырылған дивизия командирінің орынбасары - штаб бастығы, Ұтқыр күштер Қолбасшысының орынбасары, бірінші орынбасары - штаб бастығы (1993-2003), ҚР ҚМ ШБК арнайы әскери департаменті бастығының бірінші орынбасары - штаб бастығы міндетін уақытша атқарушы (2003-2005), ұйымдастыру-жұмылдыру департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы (2005-2008), «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары - Басқарма штабының бастығы, ҚР ҚМ ШБК төрағасының бірінші орынбасары (2008-2011), 2011 жылдың ақпанынан-орынбасары.

«Красная Звезда» (1982), 3-дәрежелі «За службу Родине в СССР» (1984), 2-дәрежелі «Айбын» (2010), медальдармен марапатталған.

59 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі Әлібек Ақылбекұлы ТЕМІРБЕКОВ дүниеге келген.

Шығыс Қазақстан облысында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ Ұлттық университетін бітірген (1988); заңгер. Еңбек жолын 1977 жылғы қыркүйек айында Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданы Парамонов ауылында Парамонов орта мектебінде мұғалім қызметінен бастады; Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы зауыттың № 3 құю цехында стерженщик (1980-1982); Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты төрағасы орынбасарының көмекшісі, кеңесшісі (1992-1994); С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінде Қылмыстық құқық жəне криминология кафедрасының аға оқытушысы, Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика жəне құқық институты Қылмыстық құқық жəне криминология кафедрасының аға оқытушысы, Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қылмыстық құқық жəне криминология кафедрасының доценті, Заң факультетінің оқу-əдістемелік жұмыс бойынша деканының орынбасары (1994-2006); Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Аппаратының басшысы (2006-2013); 2013 жылғы 26 маусымда осы лауазымға 1-топ 1-санатта «А» корпусындағы əкімшілік қызметтің кадр резервінен осы лауазымға қайта тағайындалды.

«Құрмет» орденімен; «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының тəуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен; «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен наградталған.

56 жыл бұрын (1963) ҚР Жоғарғы сотының судьясы Нұржан Үсіпханұлы ҚАЙЫПЖАН дүниеге келді.

Шымкент облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, заңгер. 1986-1989 жылдары - Шымкент облысы Түркістан қаласы прокуратурасында аға тергеушінің міндетін атқарушы, аға тергеуші. Шымкент облысы Шардара ауданы прокуратурасының аға тергеушісі. 1991-1996 жылдары - Шымкент облысы Түлкібас ауданы прокуратурасының тергеушісі, прокурордың орынбасары. 1996-2002 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы. 2002-2008 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы. 2008-2010 жылдары - Алматы облыстық сотының азаматтық істер алқасының төрағасы. Қазіргі қызметінде - 2010 жылғы ақпаннан бері.

46 жыл бұрын (1973) «BI Group Development» холдингінің басқарма төрағасы Амангелді Ғабдуллинұлы ОМАРОВ дүниеге келген.

Омбы облысында (Ресей) туған. Омбы мемлекеттік аграрлық университетін бухгалтерлік есеп, шаруашылық қызметті бақылау және талдау мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: «Росар» ЖАҚ (Омбы қаласы, Ресей) бас есепші, РФ және Қазақстанның қаржылық менеджменті және корпоративтік секторында қызмет етті, ҚР-да IFC құрылымында лизингті дамыту жобасын басқарды, «Билд Инвестментс Групп» АҚ басқарма төрағасының қаржы жөніндегі орынбасары (2007 жылдан). BI Development басқармасының төрағасы (2010 жылдан).

Қазіргі лауазымын 2018 жылдан бері атқарып келеді.