25 қарашада күн тұтылады
АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - 2011 жылдағы төртінші әрі соңғы күннің тұтылуы 25 қарашаға тұспа-тұс келіп тұр.
«Око планеты» мәліметтері бойынша, табиғаттың мұндай құбылысын тек Оңтүстік жартышардың биік белдеулерінде орналасқан елдер: ОАР, Жаңа Зеландия, Тасмания мен Антарктиданы мекендеушілер ғана тамашалай алады.
Live Science мәліметтеріне сәйкес, күннің тұтылуын, әсіресе, Антарктидадан жақсы көруге болады. Ал Жаңа Зеландияның туристері мен тұрғындары күн тұтылуының тек төрттен бірін көре алады. Антарктидада күн 90%-ға жабылатын көрінеді.
Биылғы жылы күннің алғашқы тұтылуы 4 қыркүйекте болды, оны Еуропа, Таяу Шығыс, Орталық Азия мен Солтүстік Африка елдері көре алды. Екіншісі -1 маусымда, бұл құбылыс та аса байқалмай өтіп кетті, себебі ол тек Солтүстік жартышардың ең биік белдеулерінен: Канададан, Гренландиядан, Скандинавия мен Қытайдың кей жерлерінен ғана көрінді. Күннің үшінші рет тұтылуы 1 шілдеде тіркелді, оны тек NASA астрономдары ғана көре алды.