25 қазан күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігі 25 қазан күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

25 қазан күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА

9.00-де ЭКСПО аумағында Қазақстан Республикасындағы Франция елшілігі «Тоталь» компаниясының қолдауымен «Цифрлық экономика» форумы басталады.

9.00-де Тәуелсіздік сарайында медициналық-санитарлық алғашқы көмек жөніндегі Жаһандық конференцияның ашылуы болады.

9.00-де «Қазмедиа орталығында» «ASTANA AGRO FORUM - 2018» агроөнеркәсіп кешені мәселелері бойынша форум өтеді.

9.00-де Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де Эразмус+ жобалары нәтижелерінің көрмесі және Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының ақпараттық күні өткізіледі.

9.30-де «Radisson» қонақ үйінде Қазақстанның V сүт конгресі ашылады.

10.00-де Сенаттың кезекті отырысы болады.

10.00-де "Москва" бизнес орталығында "Жастарға рухани-өнегелік тәрбие берудегі және радикалды діни идеологияға қарсы иммунитет қалыптастырудағы әйелдер ұйымының рөлі" тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

10.00-де Америка Құрама Штатының Сауда министрі Уилбур Росс пен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Қазақстан-Америка бизнес-форумы өтеді.

14.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық унивесритетінде XV Халықаралық Еуразиялық Ғылыми Форумы аясында «100 жаңа оқулық» бағдарламасы бойынша қазіргі заманғы отандық тарих және гуманитарлық білімдер туралы VI Қазақстан тарихшыларының ұлттық Конгресінің отырысы өтеді.

14.30-да Тәуелсіздік сарайында қабылданған Астана декларациясының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтеді.

15.00-де «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы ғимаратында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Айсина Майра Арапқызының жастармен кездесуі өтеді.

АЛМАТЫ

11.00-де Мәжілістің вице-спикері Гүлмира Исимбаева Елбасы Жолдауының "Инновациялық секторды дамыту" бағыты аясында мәжіліс депутаттарымен «Tokyo Rope Almaty» зауытына барады.

14.00-де «Махинур» мейрамханасында Мемлекет басшысының Жолдауына және Қарттар күніне арналған конференция өтеді.

15.00-де Достық үйінде Беларусь мәдени орталығының Президент Назарбаевтың биылғы Жолдауын талқылауға және түсіндіруге арналған отырысы басталады.

17.00-де "Қазақстан" қонақ үйінде 'Кипр" сараптамалық тобы "Әлеуметтік мемлекет: мемлекет Фейсбук ретінде" тақырыбында сараптамалық пікірталас өткізеді.