25 қазанда Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді

Республика күні
Фото: Мухтар Холдорбеков/ Kazinform

Мемлекеттік корпорация Республика күнін мерекелеуге байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде мамандандырылған орталықтар сәрсенбі күні азаматтарды қабылдамайтынын хабарлады, деп жазады Каzinform агенттігі.

"ХҚКО мен арнайы ХҚКО 26 қазанда жұмысын қайта бастайды", - делінген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ хабарламасында.

Еске сала кетсек, ХҚКО азаматтарды әдеттегі кесте бойынша жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды. Кезекші орталықтар жұмыс күндері сағат 20:00-ге дейін, сенбіде - 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар