25 қазанда Ресейде жаңа iPhone сату басталады

АСТАНА. 10 қазан. Ресейде 25 қазаннан бастап iPhone 5s және iPhone 5c смартфондарын ресми сату басталады, деп хабарлады американдық технологиялық алпауыт Apple.
None
None

Бұл туралы РБК агенттігі хабарлады.

Сондай-ақ Ресейден басқа осы күннен бастап iPhone жаңа модельдерін Италияда, Испанияда, Австрияда, Болгарияда, Грекияда, Данияда және басқа елдерде сатып алуға болады. Ал 1 қарашадан бастап iPhone 5s және iPhone 5c Үндістанда, Мексикада, Черногорияда, Түркияда және басқа да бірқатар нарықтарда сатуға шығарылады. iPhone 5s бағасы жады 16 Гб болса, - 199 доллар, жады - 32 Гб болса - 299 доллар, 64 Гб болса - 399 доллар болмақ.

Қазіргі кезде смартфондар АҚШ-та, Австралияда, Канадада, Қытайда, Францияда, Германияда, Жапонияда және басқа елдерде сатылуда.

Бұдан бұрын Apple 22 қазанда iPad планшеттік компьютерінің жаңа моделін ұсынатынын хабарлады.

Apple компаниясы бағдарламалық қамтамасыз ету, дербес компьютерлер, аудиоплеерлер және телефондар өндірісімен айналысады. Корпорацияда 60,4 мыңға тарта адам жұмыс істейді. 2011-2012 жылдардағы қаржы жылында компанияның таза табысы 1,6 есе өсіп, 41,73 млрд. долларға жетті. Компанияның табысы 45 пайызға артып, 156,50 млрд.долларды құрады.

Соңғы жаңалықтар