25 қазанға арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстанның батысында және оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Республиканың қалған аумағында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын болады, жел күшейеді, кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Атырау облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде, кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады.
Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігі және оңтүстік-шығысының өзендерінде су деңгейі тұрақсыз болады деп күтілуде, Батыс Алтайдың жекелеген өзендерінде (ШҚО) жаңбыр жаууына байланысты су шығыны ұлғаюы мүмкін. Қазақстанның батыс, солтүстік, солтүстік-шығыс, шығыс және орталық облыстарының су нысандарында су бетінің салқындауы байқалады.