25 қыркүйек. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 25 қыркүйекке. арналған күнтізбесін ұсынады.
25 қыркүйек, БЕЙСЕНБІ
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
8 6 жыл бұрын (1928) Қызылордада «Ленинская смена» атты жастар газетінің (қазіргі «Экспресс-К» республикалық газеті) алғашқы саны жарық көрді.
6 7 жыл бұрын (1947) Өскемен мырыш зауыты іске қосылды.
7 7 жыл бұрын (1937) Алматыда қалалық хайуанаттар бағы ашылды.
Бүгінгі күні хайуанаттар бағында 3 мыңнан астам жануарлар мен құстардың 500 түрі бар. Ол қала қонақтары мен тұрғындарының демалатын және көз тартатын орындарының біріне айналды.
4 4 жыл бұрын (1970) Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президумының Жарлығымен Қостанай облыстық атқару комитетінің әділет бөлімі құрылды. Бірінші бастығы болып Ертай Делмағамбетұлы Баймұхамбетов тағайындалды.
1 3 жыл бұрын (2001) Астанада ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевқа Венгрия мен Қырғызстанның Төтенше және Өкілетті елшілері Миклош Яцкович пен Жұмағұл Сааданбеков сенім грамоталарын табыс етті.
9 жыл бұрын (2005) Алматыда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Ресейдің, Шығыс Еуропаның және Орталық Азияның, Қытай Халық Республикасының қоғамдық ғылымдар Академиясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары достастық мемлекеттер арасындағы сауда және қаржы-экономикалық қарым-қатынасты кеңейту болып табылады.
Зерттеу орталықтары мамандар арасындағы біріккен кездесулер өткізуді жоспарлап отыр, олар кездесулер аясында жүріп жатқан ғылыми шаралар туралы ақпарат алмастыра алады.
9 жыл бұрын (2005) Шымкент археологтары Оңтүстік Қазақстанның Ордабасы ауданында көне жазба ескерткіштерінің бөлшектерін тапты.
Ғалымдардың пайымдауынша, бұл жәдігерлер біздің дәуіріміздегі І-VI ғасырлардан жетіп отыр. Сол дәуірде Ежелгі Шығыс мемлекеттерінде қыш тақталарға жазу тәсілі кеңінен тараған. «Мирас» университетінің археологиялық отряды күйдірілген қыш тақтасын Арыс өзені алқабында орналасқан Қылымжар деген жердегі көне қоныстан тапты. Табылған қыш тақтада төрт қатар етіп жазылған 15 таңба анық көрінеді.
8 жыл бұрын (2006) Қазақстан мен Үндістанның әскери альпинистер тобы Ладакхедегі 7140 метрлік Нун шыңына көтерілді. Бұл екі елдің шыңға өрмелеушілерінің бірлесіп жасаған алғашқы шарасы. 34 адамнан тұратын аталмыш экспедицияға Үндістан Қарулы Күштерінің подполковнигі А.Гот жетекшілік жасады. Оған Қазақстаннан аға лейтенант Тахир Алпысов пен Рүстам Жорабаев және сержант Юрий Горбунов, Сергей Самойлов, Александр Рудаков пен Дмитрий Чумаков қатысты.
7 жыл бұрын (2007) Ақмола облысына қарасты Зеренді ауданының Игілік ауылында жаңа мешіт ашылды.
7 жыл бұрын (2007) Алматыда британдық «Хэйлибэри» мектебінің құрылысының іргетасына капсула қалау рәсімі өтті.
ТМД-дағы бұл алғашқы британдық орта мектеп «Хэйлибэри Алматы» деп аталатын болады. Оқуды аяқтаған оқушылар орта білім бітіргені жөніндегі сертификатты - IGCSE (International General Certificate of Secondary Education) және халықаралық бакалавр дипломын алады.
5 жыл бұрын (2009) Талдықорғанда Алматы облысы Ішкі істер департаментінің ғимаратында Жедел басқару орталығы ашылды.
Ішкі істер органдарын техникалық қайта жарақтау және ақпараттық қамтамасыз етудің мемлекеттік бағдарламасы аясында Ішкі істер министрлігі азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған полиция қызметінің жаңа тұжырымдамасын белсенді және мақсатты жүзеге асырып отыр. Жедел басқару орталығы қалада орын алатын кез-келген оқиғаға: жеке тұлғалардың шағымдарынан бастап бүкіл қалаға қатысты төтенше жағдайларға үн қататын болады.
ЕСІМДЕР
10 6 жыл бұрын Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері, Социалистік Еңбек Ері ӘЛІБЕКОВ Ысқақ (1908-1982) дүниеге келді.
Солтүстік Қазақстан облысының қазіргі Ғ.Мүсірепов ауданында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. 1942-1943 жылдары Еңбекшілдер, Рузаев аудандық ауруханаларында, Ақмола, Петропавл қалаларындағы облыстық денсаулық бөлімшелерінде істеген. 1943-1946 жылдары Германиядағы Кеңес Армиясының госпиталін басқарып, бригада дәрігері болған. 1946-1953 жылдары Рузаев аудандық ауруханасын, 1953-1958 жылдары Көкшетау облыстық денсаулық сақтау бөлімін басқарған. 1958-1973 жылдары Алматы облысындағы Қарғалы емханасының меңгерушісі қызметін атқарған.
«Ленин», 2-ші дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен және бірнеше медальмен марапатталған.
7 6 жыл бұрын (1938) химия ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты НҰРАХМЕТОВ Немеребай дүниеге келді.
Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Осы білім ордасында аға лаборант, стажер-зерттеуші, аспирант, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, дайындық бөлімшесінің деканы қызметтерін атқарған. 1991-1997 жылдары - Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім беру проблемалары институтының директоры. 1997 жылдан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бейорганикалық химия кафедрасында профессор болып істеген. Ғалымның 350-ден аса ғылыми еңбегі, соның ішінде 1 монографиясы жарияланған.
9 9 жыл бұрын (1915-2002) медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақ КСР-інің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Ғылым Академиясының, Қазақстан Республикасының Медициналық алдын алу академиясының академигі БЕКЛЕМИШЕВ Николай Дмитриевич дүниеге келді.
Мәскеу облысында туған (Ресей). Вильно (Польша) университетін бітірген.
1939-1949 жылдары - дәрігер, емдеуші инспектор, дәрігерлік бөлімнің меңгерушісі. 1949-1972 жылдары - Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары. 1972-2002 жылдары - Қазақ эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары әрі бөлім меңгерушісі, ғылыми консультанты, құрметті директоры.
Негізгі ғылыми еңбектері иммунология және аллергология мәселелеріне арналған. Ол адам денесінің аллергендерге деген сезімталдығын зерттеп, тыныс жолының аллергендік ауруларын анықтау тәсілдерін жетілдіріп, бруцеллез микробы тудыратын аллергендік реакцияның табиғи сырын ашты. «Хронический бруцеллез», «Курорт Боровое», «Кортизон и его производные в клинике», «Инфекционная аллергия», «Руководство к диагностике, лечению и предупреждению человеческого бруцеллеза» (1982 жылы ағылшын тілінде шыққан), «Аллергия к микробам в клинике и эксперименте», «Иммунотерапия при аллергии к микробам», «Поллинозы» атты кітаптардың авторы.
Халықтар достығы, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.
8 9 жыл бұрын (1925-1984) қазақстандық геолог, геология-минералогия ғылымдарының докторы ЕФИМОВ Игорь Андреевич дүниеге келді.
Ресейдің Смоленск облысында туған. Кишинев мемлекеттік университетін бітірген.
1955-1958 жылдары - Қазақ минералдық шикізаттар ғылыми-зерттеу институтының минералогия-петрография зертханасының аға ғылыми қызметкері, меңгерушісі. 1958-1964 жылдары осы институттың қара металлдар секторының аға ғылыми қызметкері. 1964-1965 жылдары - Ауғанстандағы кеңес геологтары тобында бөлімнің меңгерушісі. 1965 жылдан - Қазақ минералдық шикізаттар ғылыми-зерттеу институтында зертхана меңгерушісі болған.
Ғылыми еңбектері минералдық шикізатты зерттеудің методикалық мәселелеріне арналған. «Методы выделения мономинеральных фракций», «Древнейшие породы Казахстана и Северной Киргизии» атты еңбектері жарық көрген.
5 4 жыл бұрын (1960) Қазақтың мемлекеттік Абай атындағы академиялық опера және балет театрының меццо-сопрано дауысты әншісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, М.Глинка атындағы халықаралық әншілер байқауының лауреаты ИЩАНОВА Сара дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Қазақтың мемлекеттік Абай атындағы академиялық опера және балет театры жанындағы опера студиясын, П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы жанындағы музыкалық училищесін, П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын бітірген.
1990 жылдан бастап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театры құрамының соло-әншісі. Осы театрдағы алғашқы партиясы - Любаша (Н.Римский-Корсаков «Патша қалыңдығы»). Бұдан кейін Граф әйелі, Ольга (П.Чайковскийдің «Қарғаның мәткесі»,«Евгений Онегин»), Амнерис («Аида» Дж.Верди), Флора («Травиата» Дж.Верди), Азучена («Трубадур» Дж.Пуччини), Кармен («Кармен» Ж.Бизе), Марта («Фауст» Ш.Гуно), Маддалена («Риголетто» Дж.Верди), тағы басқа орыс және шет ел классиктерінің опера партияларын кемеліне келтіре орындап, шығармашылық концерттерге белсене қатысқан. Гастрольдік сапармен Қытай мен Түркияда, Мәскеу, Санкт-Петербор қаларында болып, өнер көрсетті.
7 3 жыл бұрын (1941-2003) техника ғылымының докторы, профессор РАХИМОВ Есентай Рахимұлы дүниеге келді.
Жамбыл облысының Көктерек ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, КСРО Ғылым Академиясы Мәскеу мемлекеттік машинатану ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген. Еңбек жолын 1965 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің ассистенті болып бастап, өмірінің соңына дейін осы оқу ордасының аға оқытушысы, аға ғылыми қызметкері, доценті, факультет деканы, кафедра меңгерушісі, теоретикалық және қолданбалы математика кафедрасының профессоры болған.
Ғалымның 130 ғылыми еңбегі, оның ішінде 5 монографиясы, 6 оқу құралы және бірнеше ғылыми шығармалары бар. Көптеген шығармалары Ұлыбританияда, Италияда, Испанияда, Югославияда, Үндістанда, Болгарияда, Германияда және ТМД елдерінде жарық көрген. 8 техника ғылымының кандидатын даярлаған.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
6 8 жыл бұрын (1946) заң ғылымының кандидаты, профессор, әділет полковнигі МҰҚАШЕВ Марат Бизауылұлы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген. 1971-1973 жылдары - Алматы гарнизоны әскери прокуратурасының әскери тергеушісі. 1973-1979 жылдары - Державин гарнизонының аға тергеушісі, әскери прокурорының көмекшісі. 1979-1981 жылдары - Алматы гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі. 1981-1988 және 1990-1992 жылдары - Жамбыл гарнизоны әскери прокурорының орынбасары, әскери прокуроры. 1988-1990 жылдары - Петропавл-Камчатка гарнизонының әскери прокуроры. 1992-1993 жылдары - Қазақстан Республикасы әскери прокуроры, әскери прокурорының орынбасары. 1993-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Әскери институты кафедрасы бастығының орынбасары. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы жоғары мектебінің доценті. 1995-2003 жылдары - «Тұран» университеті құқық факультетінің деканы, кафедра меңгерушісі. 2003 жылдан бастап «Әділ сөз» қоғамдық қорының Орталық Азия бойынша мониторингтік қызметін үйлестірушісі болған.
40-тан астам ғылыми еңбектің және бірнеше кітаптың авторы.
Бірнеше медальмен марапатталған.
24 9 жыл бұрын (1765-1833) поляк, беларус және ресей саяси қайраткері ОГИНСКИЙ Михаил Клеофас дүниеге келді.
11 5 жыл бұрын (1899-1921) ақын ІЗТӨЛИН Баймағамбет Қанапияұлы дүниеге келді.
Ақмола губерниясы, Петропавл уезі, Аққұрсақ болысы, Шәліңке ауылында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы) туған. Пресногорьков мектебінде, Троицкідегі «Уазифа» медресесінде оқыған. Өлең жазумен жастайынан айналысады. «Ала топырақ», «Жалғыз жілік», «Өкпеге жауап», «Өмірім», «Соғыс», «Айым мен күніме» сияқты жырлары ақын атағын шығарады. Петропавл қаласында мұсылман бюросы мен қазақ-татар клубында жұмыс істейді. Федоров аудандық оқу бөлімінің нұсқаушысы болады. 1921 жылы кулактар көтерілісі кезінде қайғылы қазаға ұшыраған. Шығармалары: Өмірі мен шығармалары (Құрастырып, кіріспе сөзін жазған Сәбит Мұқанов), А., ҚМКӘБ, 1957; Таң сәулесі. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1981.
10 8 жыл бұрын (1906-1975) ұлы орыс композиторы ШОСТАКОВИЧ Дмитрий Дмитриевич дүниеге келді.
6 5 жыл бұрын (1949) испан кинорежиссері Педро Альмодовар КАБАЛЬЕРО дүниеге келді.