21:39, 24 Қыркүйек 2020 | GMT +6
25 қыркүйек күні елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 25 қыркүйек күні елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
НҰР-СҰЛТАН
12:20-да ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» алаңында «Мемлекет басшысының жолдауы аясында бизнестің жағдайы және ШОБ саласындағы дағдарысқа қарсы шаралар» тақырыбында баспасөз конференциясы болады. Спикер: «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының төрағасы Мырзахметов Абылай.
15: 00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Қазақстан Республикасының халқына кардиологиялық көмек көрсету туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді. Спикерлер: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов пен «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Махаббат Бекбосынова.