25 қыркүйек күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 25 қыркүйек күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу ұсынады.

25 қыркүйек күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

АСТАНА

9.00-де «Гранд Парк Есіл» қонақ үйінде «Қазақстанда климаттың өзгеруіне бейімделуіне салалық және аймақтық сарапшыларды тарту» семинары басталады. 

10.00-де «Үкімет үйінде» кезекті Үкімет отырысы басталады.

11.00-де Астана қаласы әкімдігінің алаңында Астана қаласының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Ж.Жылқышиеваның қатысуымен қаланың жергілікті атқарушы органдарына факторлық-баллдық негізде жаңа жалақы жүйесін енгізу және ондағы мәселелер туралы брифинг өтеді.

11.00-де ҚР Әділет министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өткізіледі. Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов және министрліктің басшылығы мен қызметкерлері қатысады.

11.00-де Сенатта Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің «Халықаралық азаматтық авиацияға қатысты заңсыз актілермен күрес туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша кеңейтілген отырысы өтеді.

14.00-те Назарбаев Университетіндегі Demo Day шарасында стартап-топтарды, өнертапқыштар мен инноваторлар үшін  Astana Business Campus «ABC Quick Start» жеделдетілген бағдарламасы жобаларының тұсаукесері өтеді.

16:00-де Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Н. Әбдіқалықованың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтеді.

16:00-де Sputnik Kazakhstan мультимедиалық баспасөз орталығындаАрмения премьер-министрінің бас кеңесшісі Арсен Гаспарянның «Армян-Ресей қатынастары, интеграциялық ынтымақтастығы, келешегі және ЕАЭО елдерінің бірлескен жобалары» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

16:20-да Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстандағы туризм индустриясының жай-күйі мен келешегі туралы баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов.

АЛМАТЫ
9.00-де «Интерконтиненталь» қонақ үйінде «Қазақстанның Индустриалдық аймақтарының резиденттерінің І форумы» өтеді. Шара «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ бастамасымен және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.
10.00-де «Дала күні» - «2018 жылғы егін фестивалі» аясында «Қаскелең Агропаркінде» соя мен жүгері бойынша маусым қорытындылары шығарылады.
11.30-да Ritz-Carlton Almaty қонақ үйінде «Өзгерістер үшін серіктестік: оң өзгерістерге бірігіп қол жеткізу» конференциясы өтеді.
12.30-да «Рахат Палас» қонақ үйінде Қазақстан мен Канада Іскерлік Кеңесі (ҚКІК) аясында Канаданың Ресей мен Еуразиядағы (CERBA) Бизнес қауымдастығы ұйымдастырған Энергетикалық конференция өтеді.
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ
15.00-де Көкшетаудағы теміржол вокзалында Ресейдің Тула қаласында өткен қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатында жеңімпаз атанған Зарина Қанафинаны қарсы алу шарасы өтеді.
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
11.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының өкілдері Шығыс Қазақстан облысының студенттерімен кездесу өткізеді.
15.00-де С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының баспасөз қызметінің жетекшісі Ақерке Берлібайдың «Әлеуметтік медиа: цифрлық әлемдегі SMM және PR-тің үздік тәжірибелері» тақырыбында шеберлік сыныбы өтеді.