25 маусымда Астана өтетін технологиялық фестивальде «Startup Kazakhstan» бағдарламасы таныстырылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 маусымда Astana Business Campus технопаркінде «Tech Garden Summer FEST» технологиялық фестивалі болып өтеді. Іс-шара аясында «Startup Kazakhstan» Халықаралық бағдарламасы таныстырылатын болады.
None
None

Бағдарламаның таныстырылымына Астана әкімі Ә.Исекешев, Назарбаев Университетінің президенті Ш.Катсу, «Инновациялық технологиялар паркі» (Almaty Tech Garden) Дербес кластерлік қорының бас директоры С.Кеттебеков, «Nazarbayev University Research and Innovation System» (NURIS) ЖМ бас директоры А.Жакупов, сондай-ақ, қазақстандық және халықаралық сарапшылар, шағын және орта бизнес өкілдері, жас ғалымдар және инноваторлар қатысады.

Бұл іс-шараны Назарбаев Университетінің Astana Business Campus инновациялық кластерінің қолдауымен Almaty Tech Garden брендімен көрініп жүрген «Инновациялық технологиялар паркі» Дербес кластерлік қоры ұйымдастырады. 

Еске сала кетсек,  «Startup Kazakhstan» Халықаралық бағдарламасы «5 институционалдық реформаларды жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 63-қадамын орындау аясында «Инновациялық технологиялар паркі» Дербес кластерлік қорымен іске асырылады.

Оған қоса, бағдарлама ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің инновациялық саясатының құрамдасы болып табылып, және де ҚР Индустриалды-инновациялық дамуы Мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығы және «Сандық Қазақстан» бағдарламасының аясында жүзеге асырылуда.

Соңғы жаңалықтар