25 маусымда Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 25 маусымда Қазақстанда өтетін маңызды оқиғалар легін ұсынады. 

Сағат 11.00-де «Қазақстан астанасы қоқысты бөліп өткізуге көшеді» атты жобаның аясында пресс-тур ұйымдастырылады.  

11.20-да «Үкімет үйінде» «ҚР Президенті Жолдауын жүзеге асыру аясында 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны тағайындау әдістемесін өзгерту туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Оған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова қатысады.  

Сағат 12.00-де «Has Sanat» өнер галереясында «Алматы-Астана: Мәдени көпір» атты фотокөрме өз жұмысын бастайды.

АЛМАТЫ

Сағат 11.00-де Қазақстандық Баспасөз клубында «Жастар кәсіпкерлігі: әлемдік үрдістер мен қазақстандық шындық» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.  

12.00-де Rixos Almaty қонақ үйінде ЕЭО-дағы цифрландыру мәселелері мен EXPO-RUSSIA KAZAKHSTAN сегізінші халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне арналған баспасөз мәслихаты өтеді. 

Соңғы жаңалықтар