25 сәуір. Тұлғалар туған күн
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 25 сәуірде тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР

Қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туған.
Жасынан ән-күй мен ойын-сауыққа, той-тамашаға жаны құмар, думаншыл болған. Ол жалғыз өзі бірнеше адамның кейпіне түсіп, бір отырыста-ақ «екеудің таласын, үшеудің керісін, бесеудің жанжалын» орындап, тыңдаушы көпшілікке күлкіге кенелтетін дарынды өнерпаз ретінде танылды. Халық өнерпаздары Мұхаметәлі, Мауқай мен Абақты ұстаз тұтып, олардан өнер сырын үйренген.
1916 жылдың 25 маусымындағы патша жарлығына сәйкес Қуанышбаев та қара жұмысқа алынған. 1917 жылы Омбы қаласына барып, былғары зауытында ат айдаушы-көшір болған. Мұнда атақты балуан Қажымұқанмен танысқан. Туған жерінде ауылдық кеңесті басқарып, қоғамдық жұмыстарда жүрсе де өнерден бір сәт қол үзбеген. «Қыз ұзату», «Қой күзету» және «Өгіз сату» секілді қызық, күлдіргі әңгімелер шығарып, оны той-жиындарда орындап жүрген. Жатып ішер жалқауларды, кейбір керенау, теріс пиғылды жандарды өткір сынға алып әжуалаған. 1922-1924 жылдары Қоянды жәрмеңкесінде Ғ.Айтбаев, И.Байзақов, Қ.Мұңайтпасов, М.Шамсутдинова сияқты өнерпаздар ұйымдастырған ойын-сауыққа қатысып, өнер көрсеткен. 1926 жылы Қызылорда қаласында ірге көтерген Қазақ мемлекеттік драма театрын ұйымдастыруға белсене қатысқан. Актер Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрында әр жылдары қойылған М.Әуезовтің «Еңлік - Кебек» трагедиясындағы Қараменде бидің бейнесінен бастап, осы спектакльдегі басты кейіпкерлерді (Көбей би, Кебек, Нысан Абыз) түгел дерлік орындап шыққан. Бұған қоса 20 ғасырдың 30-шы жылдарының басында Аятбай (І.Жансүгіров, «Кек»), Бекболат (Б.Майлин, «Майдан»), Бейбіт (Қ.Байсейітов, Ә.Шанин, «Тартыс») рөлдерін орындаған. 1936 жылы Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» музыкалық драмасынан Базарбайдың рөлі мен өзінің «Қыз ұзатуын» орындап, көрермен көңілінен шыққан. Н.Гогольдің «Ревизорындағы» Дуанбасы, М.Әуезов пен Л.С. Соболевтің «Абай» трагедиясындағы Абай, М.Әуезов пен Ә.Әбішевтің «Намыс гвардиясындағы» генерал Панфилов, Ғ.Мүсіреповтің «Амангелдісіндегі» Әбдіғаппар болыс, У.Шекспирдің «Асауға тұсауында» момақан Баптиста - актер ойынында көркемдік шешімін тапқан сом тұлғалар. Әрбір рөлдің өзіне тән қайталанбас қимыл-қозғалысын, мінезі мен ішкі-сыртқы жан құбылыстарын дәл тауып, ойнау - Қуанышбаев шығармаларының бір ерекшелігі. Оның радио, эстрада үшін жазған шағын күлдіргі әңгіме-пьесалар мен өлең-сықақтары, тақпақ-қағытпалары «Түйрегіш» және «Шаншарлар» деген атпен жарық көрген.
1937 жылдан көркем фильмдерге түсіп, қазақтың ұлттық кино өнерін дамытуға мол үлес қосқан.

Алматы қаласында туған. Алматы энергетика институтын бітірген (1984).
Еңбек жолы: «Казглавселезащита» Алматы бассейндік басқармасының технигі, «Казглавэлектроснабсбыт» кабель бөлімінің инженері, Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрлігі Главптицепром СПМК инженер-баптаушысы, Алма-Ата кәсіпорнының электр монтері. баспа техникасы, «Норма-2» өндірістік кооперативі төрағасының орынбасары, «Қазинтурсервис» бөлімінің бас маманы, бастығы (1984-1994); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық департаментінің Кадр жұмысы басқармасының үшінші хатшысы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы (1994-1997); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің паспорттық-визалық бөлімінің бастығы, екінші басқарманың кеңесшісі, ТМД елдері департаментінің кеңесшісі (1997-1999); CAPS Мемлекетаралық кеңесі Атқару комитетінің бас сарапшысы, Бішкек (1999-2002); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ТМД істері комитеті басқармасының бастығы (2002); Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі (2002-2005); Қазақстанның Түркіменстандағы Елшілігінің кеңесшісі (2005-2008); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ және Түркия департаменті директорының орынбасары (2009-2011); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ТМД департаментінің директоры (2011-2015); Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігінің Министрдің кеңесшісі (2015-2019); Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2019-2022). 2022 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде. «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан дипломатиясына 25 жыл» медальдарымен марапатталған.

Солтүстік Қазақстан облысында туған. 1996 жылы Ақмола ауылшаруашылық институтын бітірген.Еңбек жолы: 19891990 жылдары – Корнеев кеңшарында жұмысшы, комбайншының көмекшісі. 1996-1997 жылдары – «Сарыарқа» агроөнеркәсіптік кешеннің экономист-менеджері.1997-1999 жылдары – СҚО бойынша (Петропавл қаласы) Салық басқармасының аға салық инспекторы. 1999-2000 жылдары – СҚО бойынша (Петропавл қаласы) Салық комитеті салықтарды мәжбүрлеп өндіріп алу басқармасының бөлім басшысы. 2000-2002 жылдары – СҚО Мамлют ауданының Салық комитеті басшысының орынбасары. 2002-2004 жылдары – СҚО Шал ақын ауданы бойынша Салық комитетінің төрағасы. 2004-2008 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті СҚО бойынша (Петропал қаласы) Салық комитеті төрағасының орынбасары. 2008-2011 жылдары — СҚО Шал ақын ауданының әкімі. 2011-2012 жылдары – СҚО Қаржы басқармасының басшысы. 2013-2014 жылдары – қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Салық және кеден саясаты департаменті директорының орынбасары. 2015-2020 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің директоры. Қазіргі қызметінде 2020 жылдың қазанынан бері.
III дәрежелі «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін», «Еуразиялық экономикалық одақты дамытуға қосқан үлесі үшін» медальдарымен марапатталған.