25 сәуірде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 25 сәуір күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

25 сәуірде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де Парламент Мәжілісінде Үкімет сағаты өтеді. Онда ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «Ауыл - Ел бесігі» жобасын жүзеге асыру туралы баяндама оқиды.

11.00-де ҚР Ішкі істер министрлігі «Браконьерлікпен күрес шаралары туралы» онлайн брифинг өткізеді. Спикер: Жармағамбетов Алишер Исматұлы – ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Профилактикалық қызмет басқармасы табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторы.

15.00-де Парламент Сенатында «Қазақстан Республикасы өңірлерін газдандыру: қазіргі жай-күйі, мәселелер және оларды шешу жолдары» тақырыбында Үкімет сағаты өтеді.