25 сәуірге арналған ауа райы болжамы: ҚР көптеген аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек оңтүстігі мен батысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады

АСТАНА. 24 сәуір. ҚазАқпарат - 25 сәуірде Қазақстанның көптеген аумағында анитицилон ықпалы сақталып, сонымен бірге жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

25 сәуірге арналған ауа райы болжамы: ҚР көптеген аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек оңтүстігі мен батысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Республиканың тек оңтүстігі мен батысында атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуімен найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады деп күтілуде, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Павлодар, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында кейбір жерлерде 15-20 м/с-ке дейінгі екпінде соғатын жел сақталып, Қызылорда облысында шаңды дауыл болады.

Алматы облысындағы Жалаңашкөл ауданында желдің 20-20 м/с дейін күшеюі сақталуда. Атырау облысында кейбір жерлерге тұман түседі.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде өрт қаупі жоғары болатыны күтіледі.

Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында сулылықтың ауытқулары күтілуде. Жайық өзенінде тасқынның бірте-бірте дамуы байқалады.