25 сәуір күні елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 25 сәуір күні елімізде өтетін мәдени және қоғамдық маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

14 ақпан күні елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
Фото: Kazinform

10.40-та «Жастар» сарайында «Ағалар ерлігі – ұрпаққа ұлағат!» ҚР Қарулы Күштерінің қатарына жастарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтеді.

11.00-де ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық қолжазбалар және сирек кітаптар орталығы Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайымен бірлесіп, «Ғасырлар руханияты» көрмесінің салтанатты ашылуын өткізеді.

11.00-де Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Прогресс» атты кезекті XXXIII сессиясы өтеді.

11.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында «Ислам өнерінің сұлулығы» көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

11.00-де Астана қаласының коммуникациялар қызметінде «Астана қаласы құрамасының спортшыларын Париж-2024 олимпиадалық лицензиясын алуға дайындау барысы туралы» баспасөз конференциясы өтеді.

14.30-да ҚР Парламенті Сенатының отырысы өтеді.

19.00-де Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының Қайролла Жұмакенов атындағы үрлемелі оркестрі «WELCOME» атты концерт өткізеді.

Соңғы жаңалықтар