25 сәуірдегі маңызды іс-шаралардың анонсы жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM — Халықаралық ақпарат агенттігі 25 сәуірде Қазақстанда өтетін бірқатар маңызды оқиғаларды ұсынады.

АСТАНА
-
10:00 – ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде «Ұлы Отан соғысы батырларының үлесі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Өтетін орны: Тұран даңғылы, 72. -
10:30 – «Атақпен тартып алған бизнес: ҰҚК экс-басшысы мен әкесінің рейдерлік әрекеттері» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.
Өтетін орны: Мәңгілік Ел даңғылы, 8. -
11:00 – Мәдиа Төребаеваның «Баласағұн. Алтын тұмардың құпиясы» кітабының таныстырылымы өтеді.
Өтетін орны: Бөкейхан көшесі, 1а. -
11:15 – Maqsut Narikbayev University-де «Қазпошта» АҚ басқарма төрайымы Әсел Жанасованың ашық дәрісі өтеді.
-
15:00 – Astana Hub алаңында Мәжіліс депутаты Айдос Сарымның төрағалығымен Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палата көшпелі отырыс өткізеді.
-
15:00 – Назарбаев Университетінің Кәсіпкерлікті зерттеу орталығы (NURCE) «Даланың жасыл жаңашылдары: Қазақстанның тұрақты болашағын қалыптастыру» кітабының ресми таныстырылымына шақырады.
-
20:00 – 1XLegends. Аңыздар матчы футбол ойыны өтеді.