25 тамыз күні елордада өтетін маңызды шаралар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі елордада 25 тамыз күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

09.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде ҚР 2021–2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, «ҚР Ұлттық қорынан 2021–2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы», «2021–2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заңдарының жобалары мен «ҚР қорынан 2021 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы» ҚР Президенті Жарлығының жобасы және егін жинау жұмысы қаралады.

Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда онлайн режимде көрсетіледі.

10.00-де №76 мектеп-лицейде кезекші сыныптарға қойылатын талаптар мен санитарлық қағидалар туралы арнайы баспасөз туры ұйымдастырылады.

15.00-де БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) қолдауымен Нұр-Сұлтандағы қалалық фтизиопульмонологиялық орталықта инфекцияланған медициналық қалдықтарды қауіпсіз жинау және залалсыздандыру бойынша пилоттық орталық ашылады.

БҰҰДБ өкілдері инфекцияланған қалдықтарды экологиялық залалсыздандыруға арналған құралды – автоклав пен медициналық қалдықтарды қауіпсіз жинауға арналған контейнерлерді COVID-19 науқастарына қызмет көрсетуге арналған емдеу мекемесіне ресми түрде табыстайды.


Соңғы жаңалықтар
telegram