25 тамыз. Туған күн иелері
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 25 тамызға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР

Қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданының Желтау маңында туған. Алғашында ауыл молдасынан оқып, хат таныды. Жас кезінен Ж. Шанин ұлттық ойын-сауықтар мен ән-күйлерге ынтық болып өскен. Әсіресе, Қоянды жәрмеңкесіне барып, халық думанын тамашалау оның ой-қиялын қозғап, өнерге деген ынта-ықыласын арттырады. Туған нағашысы Алтыбайдан ән салып, домбыра тартуды үйренді. 1913 жылы Омбыға келіп, күнкөріс қамымен біраз уақыт зауытта жұмыс істейді. Мұнда С. Сейфуллинмен, Н. Нұрмақовпен және Б. Серкебаевпен танысады, әрі өз бетінше оқып білімін жетілдіреді. 1915-1916 жылдары есепшілік курсты оқып бітіргеннен кейін зауытта есепшінің көмекшісі болып қызмет етеді. Осы жылдары алғаш рет қалалық театр спектакльдерін көреді. Бірақ көп ұзамай-ақ Ж. Шанин майдан жұмысына тартылады. Одан туған ауылына 1917 жылы оралды. Сол жылдан бастап Қарқаралының уездік кооперативінде есепші қызметін атқарды. 1921-1922 жылдары Павлодар уезі комитетінің мүшесі, 1922 жылы Зайсан уездік атқару комитетінің төрағасы, 1923 жылдан Семей губерниясы атқару комитетінің және Қазақ КСР ОАК мүшесі болып, тағы басқа да жауапты орындарда қызмет атқарған. 20-жылдары Семейде «Ес-аймақ» труппасын басқарды. Режиссерлік өнер жолын осы труппадан бастаған Ж. Шанин халық жыры негізінде жазылған өзінің «Арқалық батыры» мен С. Сейфулиннің «Қызыл сұңқарларын» қойды. Сонымен қатар өзі осы аталмыш спектакльдерде Арқалық батырдың және Еркебұланның рөлін орындады. Бір бөлімді «Торсықбай» комедиясы 1925 жылы Семейдің «Таң» журналында жарияланды. 1925 жылы ашылған Қазақ драма театрының директоры болумен қатар оның көркемдік жағын басқарған. 1926-1932 жылдары қазақ драма театрында ұлттық драматургиядан С. Сейфуллиннің «Қызыл сұңқарларын», С. Аблановтың «Күндеспейтін қатындар» мен «1910 жылын», Ж. Шаниннің «Болатын», І. Жансүгіровтің «Кегі» мен «Түрксібін», Б. Майлиннің «Майданын», М. Әуезовтің «Октябрь үшін» және классикалық туындылардан А. Пушкиннің «Тас мейманы» мен «Сараң серісін», У. Шекспирдің «Гамлетін», сонымен бірге өзі жазған «Торсықбай», «Арқалық батыр» (екі кешке арналған 2 бөлімді), «Айдарбек», «Баян батыр», «Өлімнен үмітке» («Шахта») тағы басқа шығармаларды қойған. 1932-1933 жылдары Қырғыз драма театрының бас режиссері болды. 1934 жылы ашылған музыкалық театрды (қазіргі Қазақтың опера және балет театры) ұйымдастыруға қатысып, Қ. Жандарбековпен бірге Е.Г. Брусиловскийдің «Жалбыр», «Қыз Жібек» пен «Ер Тарғынын» қойды. 1936 жылға дейін осы театрдың көркемдік жағын басқарған Ж. Шанин алғашқы музыкалық театр өнерінің қалыптасып дамуына да мол үлес қосты. 1930-1937 жылдары Орал музыкалық драма театрын ұйымдастырумен бірге оған басшылық жасаған. Ол бірқатар пьесалар («Жанды сурет», «Қара құлын», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Үш бажа») жазып, ұлттық драматургияны дамытуда жемісті еңбек етті. Ж. Шанин шығармашылығын М. Әуезов, Қ. Сәтбаев, Ғ.Мүсірепов, тағы басқалар жоғары бағалаған. 1972 жылы Шымкент драма театрына Ж.Шаниннің есімі берілді.

Құқық қорғау органдарында еңбек жолын 1997 жылдан бастады. 2001 жылдан Ақмола облысының көлік прокуроры, Павлодар облысы Лебяжі ауданының прокуроры, Бас прокуратура басқармасының басшысы қызметтерін атқарды. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қылмыстық іс жүргізудің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау департаменті Бас прокурорының аға көмекшісі; Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Қылмыстық саясат және үкімдерді орындау мәселелерін зерттеу орталығының бастығы болды.
Қазіргі қызметінде 2019 жылдың маусымынан бастап.

Фрунзе (қазіргі Бішкек) қаласында туған. 1995 жылы Қырғыз мемлекеттік ұлттық университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: Алматы қаласы Мәскеу ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі (1996-1997); Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының аға референт-заңгері (1997-1998); ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің аға сарапшысы, кеңесшісі, бас сарапшысы (1998-2001); ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының орынбасары (2001-2002); ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас сарапшысы (2002-2003); ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті төрағасының орынбасары (2003-2004); ҚР Парламенті Мәжілісі аппараты басшысының орынбасары (2004-2007); ҚР Мәжілісіндегі «Нұр Отан» ХДП фракциясы аппаратының басшысы (2007-2008); Қазақ мемлекеттік университетінің даму және құқықтық мәселелер жөніндегі проректоры (2008-2011); ҚР Білім және ғылым министрлігі Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры (2010-2012); ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы (2012-2014); «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (2014-2016); Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері вице-министрі (04.2016-09.2016).
Қазіргі қызметінде 2019 жылдың наурыз айынан бастап.
«Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Астана 10 жыл» мерейтойлық медальдармен, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен иарапатталған. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының алғыс хаттарын алған.

Целиноград (қазіргі Нұр-Сұлтан) қаласында туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер, С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетін экономист-менеджер, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын мемлекеттік басқару мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы: 1996 жылдан бастап салық инспекторы, бөлім бастығы, Астана қаласы «Континент» мамандандырылған құқықтық консалтинг және кәсіпкерлер бастамасы» ЖШС президенті, «Астана қаласының даму бағдарламаларын әкімшілендіру басқармасы» ММ бас маманы болып жұмыс істеді. 2001-2006 жылдары Астана қаласы әкімінің аппаратында, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінде түрлі басшылық қызметтер атқарды. 2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас инспекторы. 2007-2009 жылдары – Петропавл қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы. 2009-2010 жылдары – «МТМ-агросервис» ЖШС бас директоры. 2010-2014 жылдары – «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарушы директоры, вице-президенті, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары. 2015-2016 жылдары – Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы. 2016-2020 жылдары – Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданының әкімі. 2020-2021 жылдары – «Қазақстан инжиниринг» (Kazakhstan Engineering) Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы.
2021 жылдың наурызынан бастап қазіргі қызметінде.

Целиноград қаласында (қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы) туған. 2000 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша, Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетінің магистратурасын бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы Ақмола облысы Көкшетау қаласының Салық полициясы органдарының қызметкері болып бастаған. Астана қаласы бойынша Салық комитетінің Ақпараттық жүйелерді енгізу және сүйемелдеу бөлімінің маманы, Қарағанды облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы болды. 2016-2019 жылдары – Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппаратының басшысы.
Қазіргі қызметінде 2019 жылдың шілде айынан бастап.

Ол РФ Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (2002); Қазақ қаржы-экономикалық академиясын (2011) бітірген.
Еңбек жолы: «Қазақстан кабель компаниясы» ЖШС Ресей Федерациясындағы өкілдігінің менеджері (1998-2003); дипломатиялық қызметте (2003-2006); Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары (2006-2008); «Нұр Отан» ХДП орталық аппараты хатшылығының меңгерушісі (2006-2008); «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС басқарушы директоры (2010-2012); Қазақстан Республикасы Велосипед спорты федерациясының атқарушы директоры, вице-президенті (2010-2013); Қазақстан Республикасы Спорт және денешынықтыру істері жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары (2013-2014); Қазақстан Футбол федерациясының бірінші вице-президенті (2014-2015); «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ атқарушы директоры (2015-2017); «ЭКСПО-2020 Дубай» бүкіләлемдік көрмесінде Қазақстан секциясының бас комиссары (2017-2018). «АСТАНА ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары (2018-2020). «QazExpoCongress» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары (01.2020-07.2020).
Қазіргі лауазымын атқаруға 2020 жылдың шілдесінде кірісті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бакалавриатын 2004 жылы тарих мамандығы бойынша, магистратурасын 2008 жылы философия және саясаттану мамандығы бойынша, осы мамандық бойынша 2011 жылы докторантурасын тәмамдаған.
Еңбек жолы: 2000-2004 жж. – Əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті студенттік өзін-өзі басқару ұйымының төрайымы. 2004-2006 жж. – Алматы экономика жəне статистика академиясы Ақтөбе институтының әлеуметтік-гуманитарлық пəндер кафедрасының оқытушысы, жастар ісі жөніндегі комитеттің төрайымы. 2006-2007 жж. – «Отан» РХП Ақтөбе облысы филиалының жастар ісі жөніндегі кеңесшісі, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты Республикалық Кеңесі Төрағасының орынбасары. 2007-2008 жж. – Алматы қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы №159 көпсалалы гимназияның тарих жəне құқық пəндерінің мұғалімі. 2010-2011 жж. – Қазақ ұлттық аграрлық университетінің оқу-тəрбие жұмысы жөніндегі проректорының орынбасары, Жастар əкімшілігінің төрайымы. 2011 ж. – Халықаралық бизнес академиясының студенттермен жұмыс жөніндегі деканы. 2011-2012 жж. – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ғалым хатшысы. 2012-2014 жж. – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның білім беру саясаты жəне бағдарламалар Департаментінің аға менеджері. 2014-2017 жж. – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның Білім беру саясаты және бағдарламалар департаменті директорының орынбасары. 2017-2019 жж. – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның Назарбаев Зияткерлік мектептерін дамыту департаментінің директоры. 2019-2021 жж. – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі филиалының директоры.
2021 жылғы 14 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты, «Nur-Otan» партиясының тізімі негізінде сайланған, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Nur-Otan» партиясы фракциясының мүшесі.