25 тамызда Қазақстанның көптеген аумағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

АСТАНА. 24 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтерінше, 2012 жылдың 25 тамызында Қазақстанның көптеген аумағында атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді.

25 тамызда Қазақстанның көптеген аумағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Елдің оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақмола, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Атырау, күндіз Ақтөбе, Қостанай облыстарында кейбір жерлерде желдің 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы күтіледі, Шығыс Қазақстан облысында шаңды дауыл болады, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысында кейбір жерлерде тұман түседі.

Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында, батысында, шығысының кейбір жерлерінде төтенше жоғары өрт қауіптілігі сақталуда.

Жақын үш тәулікте республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысында су деңгейлерінің ауытқулары байқалады.