25 жасар бразилиялық азамат азиялыққа айналу үшін 10 операцияны бастан кешірген

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның мәдениеті десе ішкен асын жерге қоятын жігіт өзінің бразилиялық тегінен бас тартып азиялыққа айналды.
None
None

Бұл үшін құны 3 мың доллар болатын 10 операцияны бастан кешірген, дейді Mail Online.

Оңтүстік Кореядағы Dongseo университетінде бір жыл оқыған ол жергілікті елдің мәдениеті мен музыкалық жанрын құлай ұнатқан. Шексіз махаббат тіпті оны өз ұлтын өзгертуге дейін апарған.

Қазір Макс - көзі қысық, қара шашты Сиань есімді азиялық азамат. Оның ұлттық тамырын тек мұрны ғана айқындап тұр.

«Мен бетімде тыртық қалып, пышаққа түскенім білініп қала ма деп қорықтым. Бірақ, менің келбетім керемет. Әр адамға өмір бір-ақ рет беріледі. Сондықтан, кім қалай өмір сүреді, өзі біледі», - деді ол жергілікті басылымға берген сұхбатында.

Соңғы жаңалықтар