25 желтоқсан күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 25 желтоқсан күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғалардың шолуын ұсынады.
АСТАНА
9.00-де ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан Жауынгерлік өнерлер қауымдастығының ұйымдастыруымен екі ММА федерациясының (Қазақстанның ММА федерациясы және Қазақстанның Ұлттық ММА, панкратион және грепплинг федерациясы) отырысы болады. Отырысты ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және Қазақстанның Жауынгерлік өнерлер қауымдастығының бірінші вице-президенті Әнуар Садықұлов өткізеді.
9.30-де «Гранд Парк Есіл» қонақүйінде «Құқық қорғау органдары қызметінің ашықтығы» тақырыбында конференция өтеді.
10.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
10.00-де «Ақбозат» демалыс аймағында балалар-жасөспірімдер спорты және салауатты өмір салты бойынша «Болашақ бүгіннен басталады» атты қысқы фестиваль өтеді.
10.00-де оқушылар сарайында Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановтың атынан балалардың Жаңа жыл шыршасы мерекесі басталады.
11.00-де «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында «Үлкен экономикадағы шағын бизнес» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
15.00-де Астана әкімдігінің баспасөз орталығында Астана қаласы білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозиннің қатысуымен «Мектеп оқушыларының тамақтануы жөніндегі комиссия жұмысының қорытындылары туралы» брифинг болады.
15.00-де ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының шығармашылық ұжымымен кездеседі.
АЛМАТЫ
11.00-де «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның 2018 жылғы қызметінің қорытындыларына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.