25 желтоқсанда Қазақстанда өтетін маңызды оқиғалар
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 25 желтоқсанда Қазақстан қалаларында өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.
НҰР-СҰЛТАН
10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.
11.00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Мемлекет басшысының әлеуметтік саланы дамыту туралы тапсырмаларын іске асыру барысы және алдағы кезеңге арналған басым міндеттер туралы баспасөз мәслихаты өтеді.
11.00-де Миллениум мейрамханасында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ орталық филиалы баспасөз-таңғы асын өткізеді.
11.00-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтеді.
11.00-де Нұр-Сұлтан қаласының мәслихатында «Депутат күні» туралы отырыс өтеді.
12.00-де Қазмедиа орталығында 2019 жылғы «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарын таныстыру шарасы өтеді.
15.30-да Есеп комитетінде «Астана LRT» ЖШС шаруашылық қызметіне, соның ішінде бос қаражатты жұмсау тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі туралы отырыс өтеді.
16.20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Шымкент қаласының 2019 жылдың 11 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
17.00-де Қазақ ұлттық өнер университетінде «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының «Jas Otan» Жастар қанаты «New Wave – 2019» атты жастар марапаты мен қорытынды кеші өтеді.
20.00-де Astana Film Fund Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген жаңа жылдық «Off-line демалыс - 2» комедиясының алдын ала көрсетілімі өтеді.
АЛМАТЫ
10.00-де «Атакент» көрме орталығында Бостандық ауданының тұрғындары қала әкімі Бақытжан Сағынтаевпен кездеседі.
10.00-де «Тұран» университетінде Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі жастардың кәсіпкерлік бастамаларына мемлекеттік қолдау көрсету тәсілдері туралы тыңдау өткізеді.
11.00-де Қазақстан баспасөз клубында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2019 жылғы қызмет қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
11.00-де Республика сарайында ерекше қажеттілігі бар балалар үшін «Армандар орындалады» қайырымдылық кеші өтеді.
12.00-де Caspian University жаңа корпусында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорының қолдауымен университет негізінде жұмыс істейтін Қытай тілі мен мәдениеті орталығының тұсаукесері өтеді.