250 мыңнан астам алматылық референдумды қолдап отыр

АЛМАТЫ. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматы қаласының 250 мыңнан астам тұрғындары ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі референдумды өткізуді қолдап отыр. Бұл туралы бүгін Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде өткен «Қазақстан-2020» демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясын қолдау жөніндегі жұртшылық өкілдерінің жиналысында айтылды.
None
None

Жиналысқа саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғылым және шығармашыл топтың адамдары, өнеркәсіпшілер, кәсіпкерлер, ардагерлер ұйымдары мен жастар ұйымдары қатысты. Олардың ішінде ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Махамбет Бейдали, ҚР Генералдар кеңесінің төрағасы Рүстем Қайдаров, Қазақстан халық Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, «Ұйғыр республикалық мәдениет орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ахметжан Шардинов, Алматы қаласы кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Виктор Ямбаев, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин бар. Жиын барысында еліміз бойынша миллиондаған қазақстандықтардың, қоғамның барлық саласындағы ұйымдардың ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өкілеттіігін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі жалпыхалықтық референдум өткізу туралы бастаманы қолдап отырғандығы айтылды. Жиынға қатысушылар «Нұр Отан» ХДП бастамасын қолдауға барлық ұйымдарды шақырды. «Қазақстандағы барлық саяси партияларды, қоғамдық ұйымдарды бастаманы қолдауға, Елбасына сенім білдіруге шақырамын. Елбасының ерен еңбегін ескере отырып бұл бастаманы қолдау әрбір қазақстандықтың парызы деп білемін»,- деді ҚР ҰҒА президенті Мұрат Жұрынов.

Соңғы жаңалықтар