26-28 тамыз аралығында Көкшетау ұлттық паркінің аумағында «Би ДЖИ Энерджи Чаллендж - Қазақстан» спорттық -қайырымдылық шарасы өтеді

АСТАНА. 24 тамыз. ҚазАқпарат - 26-28 тамыз аралығында Көкшетау ұлттық паркінің аумағында «Би ДЖИ Энерджи Чаллендж - Қазақстан» спорттық -қайырымдылық шарасы жобасы өтеді. Аталмыш шара осымен 6-ше рет қолға алынып отыр.

26-28 тамыз аралығында Көкшетау ұлттық паркінің аумағында «Би ДЖИ Энерджи Чаллендж - Қазақстан» спорттық -қайырымдылық шарасы өтеді

Бұл туралы «Би Джи Қазақстан» компаниясының баспасөз қызметі хабарлайды.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, спорттық шараға қатысатын командаларды тіркеу аяқталды. Бүгін спорттық шараға барлығы 31 команда қатысқалы отыр. Оған қатысушылар тауда жүретін велосипедпен жарысып, өздері жасаған қайықпен бәсекеге түседі. Осы жарыстар барысында команда өкілдері компас пен JPC-тің көмегімен тиісті бағытты тауып, межелеген жерге жетулері керек. Сонымен қатар олар жол бойында күрделі құрылғыларды бұзып кіріп, олардың кодын табулары тиіс. Бұл ретте әр команданың жеңіске жетуі команда мүшелерінің әрқайсысының айналаға бейімделе біліп, стратегиялық жоспарлар құрып, соны ұйымдасқан түрде атқара білулеріне байланысты. Жарысқа қатысу команда мүшелеріне өздерінің біліктіліктерін көрсетіп, екіжақты қарым-қатынастарды жетілдіріп, ең бастысы қайрымдылық шараларына мол қаржы жинауға ықпал етеді.

«Би Джи Чаллендж» Қазақстанда 2006 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Оның қайырымдылық шараларына жинаған қаржысы 65 миллион теңгені құрайды. Биылғы жылы жиналған қаржының барлығы Астана қаласының мүмкіндігі шектеулі балалары қоғамдық қорына жолданады.