26 ақпан. Тұлғалар туған күн

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 26 ақпанда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
None

ЕСІМДЕР

70 жыл бұрын (1953) мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Сенаторлар Кеңесі төрағасының орынбасары Бірғаным Сарықызы ӘЙТІМОВАдүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысында туған. Орал педагогикалық институтын, Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

Орта мектептің оқытушысы, кеңшар комсомол комитетінің хатшысы, Орал облыстық комсомол комитетінің сектор, бөлім меңгерушісі, қалалық, облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарған. 1990-1993 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы. 1993-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Жастар ісі, туризм және спорт министрі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. 1996-2002 жылдары - Қазақстан Республикасының Израильдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2002-2004 жылдары - Қазақстан Республикасының Италиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Грекиядағы, Мальтадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы. 2004-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Білім және ғылым министрі. 2007-2013 жылдары - Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі. Куба Республикасындағы Елші міндетін қоса атқарушы (2007-2013); Соломон аралдарындағы Елші міндетін қоса атқарушы (2012-2013). ); Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (2013-2019); Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі (2014-2019); Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрайымы (2017-2019).

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың қыркүйек айынан. «Құрмет», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.


58 жыл бұрын (1965) ҚР Жоғарғы сотының судьясы Абай Жамбылұлы РАХМЕТУЛЛИН дүниеге келді.

Омбы облысында (РФ) туған. С.М Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, заңгер мамандығы бойынша бітірген (1990).

Еңбек жолы: Көкшетау облыстық адвокаттар алқасының стажері, заң кеңесшісі, Көкшетау облысы әділет департаментінің жетекші маманы; судья, төраға орынбасары, Көкшетау қалалық сотының төрағасы (1990-2002); Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер бөлімінің төрағасы (2002-2004); Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы (2004-2007); Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы (2007-2012); Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы (2012-2015); Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы кеңесінің төрағасы (2015-2016); Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының қылмыстық істер бойынша сот коллегиясының төрағасы (2016-2019).

Қазіргі лауазымында - 2019 жылдың шілде айынан бастап.

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.


50 жыл бұрын (1973) Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Рахметоллаұлы БИКЕНОВ дүниеге келді.

Қарағанды облысы Нұра ауданында туған. Үш жоғары білімі бар – биолог, тарихшы және экономист.
Еңбек жолын Нұра ауданының Куйбышев кеңшарында жұмысшы болып бастаған. Содан кейін Захаровка ауылының мектебінде ұстаздық етті.
2001 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қатардағы маманнан бастап басшы лауазымдарына дейін еңбек жолынан өтті. Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімін басқарды. Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары, Осакаров ауданы әкімінің орынбасары болды. 2016-2020 Қарағанды облысының дін істері басқармасының басшысы қызметін атқарды. 2020-2022 жылдары Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары.

Қазіргі қызметінде – 2022 жылдың қаңтар айынан бастап.


44 жыл бұрын (1979) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Заң шығару процесін жетілдіру жөніндегі кеңестің мүшесі Наталья Виссарионовна ПАН дүниеге келді.

Қарағанды облысы Абай қаласында туған. 1999 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2016 жылы – Колумбия университетін (АҚШ) тәмамдаған. Мамандығы бойынша – халықаралық заңгер, экономист.

Еңбек жолын 1999 жылы бастаған. 1999–2003 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментінің бас маманы, бөлім меңгерушісі, құқықтық сараптама бөлімі бастығының орынбасары, заңнаманы жүйелеу және құқықтық жаппай оқыту қызметтерін атқарған. 2003–2008 жылдары ҚР Президент Әкімшілігінің Заңнама және құқықтық сараптама бөлімінің кеңесшісі, аға сарапшысы, бас сарапшысы, бас кеңесшісі болып қызмет атқарған. 2008 жылдан бастап 2012 жылға дейін — ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің инспекторы, сектор меңгерушісі болып еңбек еткен. 2012–2014 жылдары ҚР ӘМ Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төраға орынбасары лауазымын атқарған. 2014–2016 жылдары ҚР ӘМ Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған. 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап – ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры қызметін атқарған. 2017-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі.

Қазіргі қызметін 2022 жылдың сәуір айынан бері атқарып келеді.

«Құрмет» орденімен марапатталған.


Соңғы жаңалықтар