26 қабаттан секірген тасбақа автомобильдің быт-шытын шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық Ганьчжоу қаласында 26 қабаттан секірген тасбақа Toyota Camry автомобилінің быт-шытын шығарды. 

26 қабаттан секірген тасбақа автомобильдің быт-шытын шығарды

Машинасының төбесі майысқанын және артқы шынысының сынғанын көрген иесі полицияға шағымданған. Оқиғаның мән-жайын анықтауға келген құқық қорғаушылар көлік маңынан  өліп жатқан тасбақаны тапты.

Белгілі болғандай, ол  осы үйдің тұрғынының жануары болып шыққан. Тасбақа асханаға қалдырған кезде жоғалып кеткен, деп жазады Daily Mail.

Әйел өзін кінәсіз санап,  қираған машинаны жөндеуге ақша беруден бас тартты.

«Мен тасбақаны төменге лақтырғаным жоқ, оның өзі құлады»,-деп бет бақтырмады иесі.

Полициядағылар тараптарға бұл мәселені  заңдық процедуралардың көмегімен шешуді ұсынды.