26 қаңтар күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 26 қаңтар күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
10.00-де Жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік хаб базасында адам саудасының құрбандарын анықтау, оларға көмек және қайта бағыттау практикалық нұсқаулығының ресми тұсаукесері өтеді.
11.00-де «Самұрық-Қазына» АҚ қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғановтың баспасөз брифингі өтеді.
11.00-де «Avenue» бизнес орталығында Ирак Елекеевтің төрағалығымен Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтеді.
11.00-де жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша өтінім қабылдауға арналған платформаны іске қосу жөніндегі баспасөз конференциясы өтеді.
12.00-де ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы қоғамдық мониторинг» атты баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикерлер: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдық кеңесінің төрағасы Марат Бәшімов; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғамдық кеңесінің мүшесі Дидар Смағұлов.
Көрсетілім сілтемелері: Youtube, Facebook.
14.30-да ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысы басталады.
15.00-де«Qaz Expo Congress» C 2.4 ғимаратында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ҚР Премьер-Министрі Ә.А.Смайыловтың қатысуымен өтетін министрліктің кеңейтілген алқа отырысын өткізеді.
19.00-де «QAZAQSTAN» орталық концерт залында «Музыка на все времена» концерті өтеді.
19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Шәмші» элегиясы көрсетіледі.
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасы қойылады.