26 қаңтар күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстанда 26 қаңтарда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

26 қаңтар күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА

Сағат 10.00-де № 67 гимназияда «Критериалды бағалау -табысқа жетудің баспалдағы» атты ата-аналарға арналған семинар өтеді.

Сағат 11.00-де «Жас Отан» Жастар қанаты мен Астана қаласы әкімдігінің жаныңдағы «Астана жастары» ұйымы елордалық балалар үйінің тәрбиеленушілерін конькимен сырғанауға шақырады.

Сағат 14.00-де «MEGA Silk Way» ОСО-да Әлемдік топтың Дэвис кубогының бірінші кезеңі аясында Қазақстанның жетекші теннисшілері Михаил Кукушкин, Александр Бублик, Денис Евсеев және Тимур Хабибулиннің қатысуымен шеберлік сабағы өткізеді.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де "Rahat Palace" қонақ үйінде австралиялық жазушы Алана Пизаның семинары өтеді. Ол «Мистер Дене тілі» деп аталатын, бүкіл әлемге миллион данадан сатылған кітаптың авторы.