26 қарашада қай облыстардың жолдарында шектеу бар
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Елдегі республикалық маңызы бар автожолдардың бірнеше учаскесінде шектеулер бар.
«ҚазАвтоЖол» мәліметіне сәйкес, 26 қараша сағат 05:30–дан бастап Ақтөбе облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жүк көліктері, қоғамдық көліктер, сондай-ақ жазғы дөңгелекпен жүрген автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Республикалық маңызы бар «Ақтөбе — РФ шекарасы (Әлімбет өткізу пункті)» автожолының 39–136 шақырымы аралығында (Қалдаяқов ауылынан Әлімбет шекаралық өткізу пунктіне дейін) көлік қозғалысы жабылды.
Учаскенің болжамды ашылу уақыты — 26 қараша сағат 10:00.
Еске салайық, 26 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.