26 қазан. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 26 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

календарь күнтізбе
Фото: Kazinform

Қылышбек ІЗБАСХАНОВ, «Qazindustry» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы 

Қылышбек ІЗБАСХАНОВ
Фото: qazindustry.gov.kz

1953 жылы дүниеге келген. 1975 жылы В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-металлург мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында күйдіруші болып бастаған. Шымкент қорғасын зауытында балқытушы, балқыту цехының бастығы қызметтерін атқарған. Мемлекеттік мүлік жөніндегі мемлекеттік комитетте, холдингтік компанияда, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Шымкент қаласының әкімдіктерінде, «Қазақстан темір жолы» және «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компанияларында басшылық қызметтерде болған. «Тау-Кен Самұрық» АҚ-да жобаларды іске асыру жөніндегі басқарушы директор, өндірістік қызмет жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. 2021 жылы «QazIndustry» АҚ-ның тәуелсіз директоры, сондай-ақ «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның тәуелсіз директоры және Директорлар кеңесінің мүшесі болды. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесінің стратегиялық жоспарлау және корпоративтік даму жөніндегі комитетінің төрағасы, тәуекелдер, кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер, сондай-ақ аудит жөніндегі комитеттердің мүшесі болды. Кейін «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы атанды.

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен, Қазақстан Республикасының «Құрметті машина жасаушы» төсбелгісімен және «КСРО-ның құрметті металлургі» атағымен марапатталған.

Жанболат ЖӨРГЕНБАЕВ, Қазақстанның мемлекеттік қайраткері

Жанболат ЖӨРГЕНБАЕВ
Фото: ognialatau.kz

1960 жылы Алматы облысының Кеген ауданында дүниеге келген. 1987 жылы В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-машина жасаушы мамандығы бойынша, 1987 жылы Бүкілодақтық Агроөнеркәсіп басшы кадрлары институтын, 1997 жылы Д. А.Қонаев атындағы гуманитарлық университетті «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1992 жылы «Қарқара» кеңшарында жұмысшы болып еңбек еткен. 1992-1993 жылдары Талғар ауданындағы Алматы мал бордақылау кеңшарында инженер, жылу технигі, ауылшарушылық дақылдарын өсіру бригадирі, аға инженер болды. 1992-1993 жылдары «Дулат» шағын мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 1993-1997 жылдары Киров ауылдық кеңесі төрағасының орынбасары, Талғар ауданы Киров ауылдық округінің әкімі болған. 1997-1999 жылдары Алматы облысы Талдықорған ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 1999-2001 жылдары Қапшағай қаласы әкімінің бірінші орынбасары, 2001-2003 жылдары Алматы облысы Қарасай ауданы әкімінің орынбасары, 2003 жылы Қарасай ауданы Қаскелең қаласы әкімінің орынбасары болды. 2003-2005 жылдары «Идиль-Аксу» консорциумы» ЖШС жобасының жетекшісі, 2005-2006 жылдары «АҚСУ» АҚ вице-президенті, 2006-2009 жылдары Директорлар кеңесінің төрағасы болған. 2009 жылы «Қарасай Құрылыс» ЖШС-ның кеңесшісі, құрылтайшысы әрі бас директоры қызметтерін атқарған. 2019 жылғы желтоқсаннан 2021 жылғы қаңтарға дейін «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, 2021 жылғы қаңтардан 2022 жылғы мамырға дейін Алматы облыстық мәслихатының хатшысы болған. 2022-2026 жылдары Алматы облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болды.

Ораз ЖАНДОСОВ, «ForteBank» АҚ-ның тәуелсіз директоры

Ораз ЖАНДОСОВ
Фото: qazaqgreen.kz

1961 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1983 жылы М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономика факультетін экономист-кибернетик мамандығы бойынша, 1986 жылы осы университеттің аспирантурасын бітірген.

Еңбек жолы: 1987 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының Экономика институтында кіші ғылыми қызметкер, 1991 жылы ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің консультанты, бөлім меңгерушісі, 1992 жылы ҚР Экономика министрлігі жанындағы Шетелдік инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттік төрағасының орынбасары, төрағасы, ҚР экономика министрінің бірінші орынбасары болды. 1994 жылы ҚР Ұлттық банкі төрағасының бірінші орынбасары, 1996-1998 жылдары ҚР Ұлттық банкінің төрағасы, 1998 жылы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары — ҚР Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. 1999 жылғы қаңтар-қазан аралығында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — ҚР Қаржы министрі, 1999-2000 жылдары «KEGOC» қазақстандық электр желілерін басқару компаниясының президенті, 2000-2001 жылдары ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болды. 2001-2002 жылдары ҚР Қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы. 2003 жылғы қаңтар-маусым аралығында ҚР Президентінің көмекшісі, 2003-2006 жылдары ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы, 2008 жылы «Ракурс» экономикалық талдау орталығының директоры қызметін атқарды. 2022 жылы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кеңесшісі болып тағайындалды.

Қазіргі қызметін 2026 жылғы шілдеден бастап атқарып келеді.

2003 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.

Ақан ЖҰМАҒҰЛОВ, Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соттың төрағасы

Ақан ЖҰМАҒҰЛОВ
Фото: Facebook / Астана соттары

1971 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1994 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1988-1989 жылдары Зайсан автокөлік кәсіпорнының слесарі, 1993-1994 жылдары Шығыс Қазақстан облысы көлік прокуратурасының тергеушісі, прокурордың көмекшісі, аудандық прокурордың орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы басқармасының прокуроры, 1994-1996 жылдары Өскемен қаласы Октябрь ауданы прокуратурасының аға тергеушісі, 1996-1997 жылдары Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының тергеу басқармасының прокуроры болды. 1997 жылғы сәуір-тамыз аралығында Өскемен қаласы прокурорының көмекшісі, 1997-1998 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасының тергеу басқармасының прокуроры, 1998-2000 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы прокурорының орынбасары, 2000-2001 жылдары Өскемен қаласы прокурорының көмекшісі, 2001 жылғы наурыз-сәуір аралығында Семей өңірлік қаржы полициясы басқармасының анықтау бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалды. 2001-2003 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық қаржы полициясы департаментінің анықтау бөлімінің бастығы, 2003-2004 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық қаржы полициясы департаментінің экономикалық және қаржылық қылмыстарды анықтау бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалды. 2004-2005 жылдары Шығыс Қазақстан облысының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес департаментінің ішкі істер бөлімінің аға инспекторы, 2005-2010 жылдары Өскемен гарнизоны әскери сотының судьясы, 2010-2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық сотының төрағасы, 2013-2015 жылдары Семей қалалық сотының төрағасы, 2015-2017 жылдары Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы лауазымында еңбек етті. 2017-2020 жылдары Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы, 2020-2022 жылдары Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы, 2022 жылы Астана қалалық сотының төрағасы, 2022-2025 жылдары Астана қаласының сот төрағасы болды.

Қазіргі қызметін 2025 жылғы маусымнан бастап атқарып келеді.

Мұрат ЫРҒЫБАЕВ, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты

Мурат ЫРҒЫБАЕВ
Фото: Facebook / Мұрат Ырғыбаев

1991 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында дүниеге келген. 2013 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін агроном мамандығы бойынша, 2015 жылы А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін экономика және бизнес магистрі дәрежесімен бітірген.

Еңбек жолы: 2010-2012 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы «Кутузовское Алиби» ЖШС-ның есепші-агрономы, 2013-2014 жылдары ҚР АШМ АКК МИК-нің Еңбекшілдер аудандық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантинінің бас маман инспекторы, 2014 жылы осы комитеттің Бұланды аудандық аумақтық инспекциясында өсімдіктер карантині жөніндегі бас маман-инспектор болды. 2014-2015 жылдары Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының егіншілік және астық нарығын реттеу бөлімінде астықты сақтау және өңдеу жөніндегі бас маман, 2015-2018 жылдары Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының экономикалық талдау және болжау бөлімінде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және кредит саясаты жөніндегі бас маман, 2018 жылы Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ауыл шаурашылығы өнімдерін қайта өңдеу және маркетинг бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды. 2018-2020 жылдары Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының экономикалық талдау және болжау бөлімінің басшысы, 2020-2022 жылдары Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары, 2022-2023 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Егіншілік департаменті директорының орынбасары, 2023-2024 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Егіншілік департаментінің директоры болды. 2024-2025 жылдары «Ауыл» партиясы төрағасының кеңесшісі, 2025 жылғы тамыз — 2026 жылғы тамыз аралығында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары болды.

Қазіргі қызметін 2026 жылғы тамыздан бастап атқарып келеді.

Нұртас ОҢДАСЫНОВ, мемлекет және қоғам қайраткері

Нұртас ОҢДАСЫНОВ
Фото: adebiportal.kz

1904 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданында дүниеге келген. БК (б)П Орталық комитеті жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген. 1920-1926 жылдары Ташкенттегі қазақ мектеп-интернатында тәрбиеленіп, Түркістан орман техникумында оқыған.

Еңбек жолы: 1926-1930 жылдары Қызылорда облыстық орман шаруашылығында орманшының көмекшісі, су шаруашылығы бөлімінде статист, Жамбылдағы Талас зерттеу партиясында кіші техник, Шымкент облыстық су шаруашылығы бөлімінде техник болған. 1931-1938 жылдары Ташкент ирригация институтының бөлім меңгерушісі, кеңшар директорларын даярлау курстары директорының орынбасары, Қазақстан орман шаруашылығы тресінің директор орынбасары және директоры, Қазақ КСР Жер халық комиссариаты басқармасының бастығы, 1938 жылы Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалған. 1938-1951 жылдары Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы, 1954-1962 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасы төрағасының орынбасары, төрағасы, Гурьев (Атырау) облыстық атқару комитетінің төрағасы, облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарған. 1946 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясын құру жұмыстарына жетекшілік етті. 1962 жылдан бастап Мәскеуде ғылыми жұмыспен айналысты.

Ұлттық кадрларды даярлауға ерекше көңіл бөлді. Арабша-қазақша, парсыша-қазақша түсіндірме сөздік жазған.

Екі Еңбек Қызыл Ту орденімен және үш Ленин орденімен марапатталған. Нұртас Оңдасыновтың есімі Түркістан облысындағы бірқатар мектептер мен қалалар мен ауылдардың көшелеріне берілген.