26 қазан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 26 қазан күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
9.00-де «Astana Zdorovie Денсаулық сақтау» – 2023 қазақстандық халықаралық көрмесі шеңберінде «GLOBAL PHARM» III Халықаралық фармацевтика форумы өтеді.
9.30-да Hilton Astana қонақ үйінде «Өзгеріс дәуіріндегі еңбек нарығы: сын-тегеуріндер, жаңартулар және перспективалар» атты халықаралық конференция өтеді.
10.00-де Сенат төрағасының өкіміне сәйкес палата отырысы өтеді.
Күн тәртібінде Мәжіліс қабылдаған «Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» ҚР Заңы, «Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» ҚР Заңы қаралады.
11.00-де Болашақ энергиясы мұражайына баспасөз туры өтеді. Онда мұражай бойынша шолу экскурсиясы және «QazExpoCongress» ҰК» АҚ қызметінің таныстырылымы өтеді.
12.00-де ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «Ұлттық қор - балаларға» жобасы» туралы баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикерлер: ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков; «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрманов; «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ басқарушы директоры Мұрат Шәріпов.
Көрсетілім сілтемелері: youtube, facebook.
15.00-де ForteBank бас кеңсесінде Қазақстанның HR-менеджерлер қауымдастығы мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қатысуымен «Кәсіптік біліктілік туралы» дөңгелек үстел өтеді.
16.00-де Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді.
17.00-де Президент орталығында Қазақстан онкологтары мен радиологтарының IX Съезі өтеді.
Съезд Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылғанына 75 жыл, ДДСҰ-ның халықаралық конференциясының Алматы декларациясына қол қойылғанына 45 жыл, Астана декларациясының 5 жылдығын атап өтетін Халықаралық конференцияға орайластырылған.
18.00-де елордалық М.Горький атындағы орыс драма театры күрделі жөндеуден өткен тарихи ғимаратта 123-ші театр маусымның ашылуына байланысты баспасөз мәслихатын өткізеді.
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Махаббат бар ма?» лирикалық комедиясы сахналанады.
19.00-де Жастар театрында «Пранк махаббат» комедиясы қойылады.
19.00-де Astana Opera театрында балет кеші өтеді.