26 қазан күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігі 26 қазан күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
АСТАНА
9.30-да Жоғарғы сот ғимаратында «Қазақстанда алқабилер сотының қатысуымен сот қызметін жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел басталады.
9.30-да ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында «Мәңгілік ел идеясы: тарих пен келешегі» атты республикалық ғылыми конференция ашылады.
10.00-де Ақордада ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Ұлттық комиссияның отырысы өтеді.
11.00-де ҚР СІМ «Қазақстан» залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын «Жас дипломат» жобасы іске қосылады.
15:00-де Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлттық бюросында дәстүрлі апталық брифинг басталады.
15.30-да Назарбаев орталығында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының «Асыл мұра» фотобайқауының қорытындысына арналған іс-шара өтеді.
16.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында Еңбек және әлеуметтік қорғау жүйесінің жұмысшылары күніне арналған «Жалпыға ортақ еңбек ұжымына» республикалық форумы басталады.
АЛМАТЫ
9.45-те Rixos Hotel Almaty-да америкалық-қазақстандық іскерлік қауымдастық пен АҚШ Сауда министрлігі екіжақты сауда-инвестициялық байланыстарды дамытуды талқылау мақсатында ауыл шаруашылығы, энергетика және инфрақұрылым саласындағы шағын, орта және ірі америкалық фирмалардың басын қосады.
11.00-де «Қазақстан» қонақ үйінде Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Мектеп түлектерінің ІІІ Форумы өтеді.
11.30-да Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Алматы қаласын газбен қамту жұмыстары туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.
16.00-де Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Ресейдің Үлкен театрының жұлдыздары Семен Чудин мен Кристина Кретованың қатысуымен «Аққу көлі» балет спектакліне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
ҚАРАҒАНДЫ
10.00-де Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Сәпиев облыстағы спорт мектептерінің басшыларымен, спорттық қоғамдастық өкілдерімен және облыстық федерациялардың өкілдерімен кездесуі өтеді, онда Елбасының биылғы Жолдауының негізгі бағыттары талқыланады.
15.00-де «Аманат-Арена» спорт кешенінде кикбоксингтен республикалық «Күштілер турнирі» өтеді. Конкурсқа ел өңірлерінен жүзге жуық адам қатысады.
ӨСКЕМЕН
16.00-де Оқушылар сарайында Өскемен қаласының «Жас ұлан» республикалық балалар-жасөспірімдер ұйымы комитетінің фестивалі өтеді.
18.00-де Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, белгілі композитор Ермұрат Үсеновтың «Армысың, Алтын Алтай» шығармашылық кеші өтеді.