26 қазан. Туған күн иелері
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 26 қазан күні танымал тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР
114 жыл бұрын (1904-1989) мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Дәндібайұлы ОҢДАСЫНОВ дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданында туған.
1920-1926 жылдары Ташкенттегі қазақ мектеп-интернатында тәрбиеленіп, Түркістан орман техникумында оқыған. БК(б)П Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген.
1926-1930 жылдары Қызылорда облыстық орман шаруашылығы орманшысының көмекшісі, су шаруашылығы бөлімінің статисті, Жамбылдағы Талас зерттеу партиясының кіші технигі, Шымкент облыстық су шаруашылығы бөлімінің технигі болған. 1931-1938 жылдары - Ташкент ирригация институтының бөлім меңгерушісі, кеңшар директорларын даярлайтын курс директорының орынбасары, Қазақ орман шаруашылығы тресі директорының орынбасары, директоры, Қазақ КСР Жер халкоматы басқармасының бастығы. 1938 жылы - Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің төрағасы. 1938-1951 жылдары - Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы. 1954-1962 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасы төрағасының орынбасары, төрағасы, Гурьев (Атырау) облыстық атқару комитетінің төрағасы, Гурьев облыстық партия комитетінің 1-хатшысы.
Ұлттық кадрлар дайындауға үлкен көңіл бөлген. 1946 жылы Қазақ КСР-нің Ғылым Академиясын құруға атсалысқан. 1962 жылдан Мәскеуде ғылыми жұмыстармен айналысты. Араб-қазақ, парсы-қазақ түсініктеме сөздіктерінің авторы.
Екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, үш мәрте Ленин орденімен марапатталған. Туған ауылына, ондағы орта мектеп пен көшелерге есімі берілген.
54 жыл бұрын (1964) ҚР Парламенті Сенатының депутаты Еділ Құламқадырұлы МАМЫТБЕКОВ дүниеге келді.
Жамбыл облысында туған. А.Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетін және оның аспирантурасын бітірген.
1991-1996 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде оқытушылық және әкімшілік қызмет атқарған. 1996-1998 жылдары - Үкімет Аппаратының, Премьер-Министр Кеңсесінің жауапты қызметкері. 1998-2007 жылдары -ұйымдастырушылық-бақылау бөлімінің бас эксперті, әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің бас эксперті, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісі, Президент Әкімшілігінің экономикалық саясат басқармасының бас инспекторы. 2007-2008 жылдары Президент Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2008-2009 жылдары - ҚР Индустрия және сауда вице-министрі. 2010 жылғы қазаннан ЕурАзЭҚ жанындағы Кеден одағы комиссиясының жауапты хатшысының орынбасары. 2014-2015 жылдары Астана қаласы әкімі аппаратынің басшысы. 2015-2017 жылдары «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары. Қазіргі қызметінде 2017 жылдың маусым айынан бері.
Ғылыми басылымдардың, математика мен экономика мамандығы бойынша студенттерге арналған оқу құралдарының авторы. Физика-математика ғылымының кандидаты, доценті, Қазақстан Республикасы жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі.
Құрмет грамотасымен, медальдармен марапатталған.
47 жыл бұрын (1971) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Амангелдіқызы СУХАНБЕРДИЕВА дүниеге келді.
Атырау облысында дүниеге келген. 1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін тәмамдаған.
Атырау облысы Шевченко қаласының № 16 орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі, Талдықорған облысы «Алтынай» балабақшасының тәрбиешісі, Талдықорған облысы № 53 Матай орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі, Алматы облысы Энергетический кенті № 38 мектеп-гимназиясы тарих пәнінің мұғалімі, директордың оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасары болған. Кейін Алматы облысы Іле ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық жұмыс жөніндегі бас маманы, Алматы қаласындағы «Ай-Нұр» жеке лингвистикалық гимназиясының атқарушы директоры, Іле ауданы № 7 орта мектебінің директоры, «Қазақстан Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ әкімшілік-құқықтық басқармасы кадр бөлімінің бастығы, «Қазақстан Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ әкімшілік-құқықтық басқармасының бастығы, «Қазақстан Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ аппаратының басшысы қызметтерін атқарған.
2009 жылы Астана қаласындағы «Аrna Media Services» ЖШС әкімшілік-құқықтық жұмыс бойынша бас директордың орынбасары м.а., № 60 мектеп-лицейінің директоры, «Астана қаласының Білім басқармасы» ММ басшысы ретінде еңбек еткен.
Қазіргі қызметіне 2018 жылдың қыркүйегінде қайтадан тағайындалды. Ол бұл қызметке 2016 жылы келген болатын.
37 жыл бұрын (1981) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Серікұлы ТОҚТАБАЕВ дүниеге келген.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының түлегі. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «қаржыгер» мамандығы бойынша, Қ.Сәтбаев атындағы ұлттық техникалық университетін «Геология және пайдалы қазба кеніштерін барлау» мамандығы бойынша бітірді. 2003 жылдан бері мемлекеттік қызметте. 2006 жылы Геология және жер қойнауын пайдалану комитетіне қарасты «Қазгеоинформ» геологиялық мәліметтер орталығы жетекшісінің орынбасары, «Таукен-самұрық» ұлттық тау кен компаниясында департамент директоры қызметтерін атқарған.
2013-2016 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры болды. 2016 жылдың қаңтарынан бастап ҚР ИДМ Әдеп жөніндегі уәкілетті өкілі.
Қазіргі қызметінде - 2016 жылдың шілдесінен бері.
134 жыл бұрын (1883-1970) америкалық философ, жазушы Наполеон ХИЛЛ дүниеге келді.
70 жыл бұрын (1947) америкалық саясаткер, АҚШ-тың бұрынғы бірінші ханымы Хиллари Родэм КЛИНТОН дүниеге келді.