26 қазанға арналған маңызды шаралар аңдатпасы
АСТАНА.ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 26-шы қазанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
Сағат 9:00-де «Жастар» сарайына «Ashyq Niet»алғаш рет ірі балалар форумы өтеді. Шараға 12-ден 18 жасқа дейінгі балалар қатысады, онда әлемдік қауымдастықтың өзекті деген мәселелері талқыланады.
10.00-де «Қазмедиа» орталығында БАҚ және журналистика саласындағы жыл сайынғы Astana Media Week оқиғасы өтеді.
15.00-де Қазақстан Ұлттық банкінің (ҚҰБ) базалық мөлшерлеме бойынша қабылданған шешімін түсіндіруге арналған ҚҰБ-тың баспасөз-брифингі өтеді.