26 қыркүйек. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2015 жылғы 26 қыркүйекке арналған күнтізбесін ұсынады.
None
None

26 қыркүйек, СЕНБІ

Шет тілдердің еуропалық күні. Жаңа мыңжылдық басталысымен ЮНЕСКО 21-ші ғасырды полиглоттар ғасыры деп жариялады. 2001 жыл Дүниежүзілілік тілдер жылы деп жарияланды

Дүниежүзілік қоршаған ортаның саулығы күні

2011 жылы Индонезияда алғаш рет қоршаған орта саулығы күні мерекеленді. Осыған байланысты Индонезияның белсенді студенттері мереке гимнін шығарды да оны ашылу рәсімінде орындады. 2012 жылы бұл шара Африка мен Еуропаның бірқатар елдерінде атап өтілді. 2013 жылы мерекеге канадалық, британиялық, австриалиялық, америкалық, азиялық белсенділер қосылды.

Халықаралық ядролық қаруды толықтай жою үшін күрес күні

2013 жылы желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының тиісті қарарымен бекітілді.

Әлемнің барлық елдерінде ядролық қаруды толықтай жою - 1946 жылы құрылған сәттен бастап, БҰҰ негізгі мақсаттарының бірі. Ол Бас Ассамблеяның алғашқы қарарының мәні болды.

Дүниежүзілік контрацепция күні

2007 жылы 26 қыркүйекте репродуктивті денсаулық мәселелерімен айналысатын бірқатар ұйымдардың бастамасы бойынша алғаш рет Дүниежүзілік контрацепция күні алғаш рет атап өтілді. Оның мақсаты - жоспарланбаған жүктіліктің жоғары деңгейін төмендету болды.

Бішкек қаласының күні

Бішкек қаласы - Қырғызстан Республикасының астанасы. Қырғызстанның солтүстігінде, Тянь-Шань тауының Шу аңғарында, теңіз деңгейінің 700-900 метр биіктігінде, Қазақстан шекарасынан 25 шақырым жерде орналасқан.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

18 жыл бұрын (1997) Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Жарлығымен «Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» бекітілді.

15 жыл бұрын (2000) «Қазақстан-Сорос» қоры «Шетелде білім алу» атты алғашқы білім жәрмеңкесін өткізді. Онда әртүрлі халықаралық елшіліктер мен донор ұйымдар білім гранттарын ұсынды.

14 жыл бұрын (2001) Республика тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы өтті.

13 жыл бұрын (2002) ЮНЕСКО шеңберінде атап өтілетін ежелгі Ұлы Жібек жолы бойындағы мәдениет пен ғылым өркендеген көне Тараздың 2000 жылдығына арналған мерекелік шаралар басталды. Орталық алаңда Бәйдібек Қарашаұлының үлкен ескерткіші ашылып, Мұражай мен Тараз университеті жанынан сәулет өнерінің соңғы жетістіктері үлгісімен салынған Мұхаммед Қайдар Дулати атындағы Жастар сарайы пайдалануға берілді. Бұрынғы Химиктер сарайы жаңғыртылып, Баласағұн атындағы сарай болып қайта ашылды. Осы күні қойылған театрландырылған көрініске қаланың 6 мыңнан астам өнерпаздары қатысты.

12 жыл бұрын (2003) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетіне ұлттық мәртебе беру туралы Жарлыққа қол қойды. Бүгінгі таңда университеттің 10 факультетінде 63 мамандық бойынша кадрлар даярланып, 14 мыңнан астам студент, 650 аспирант, докторанттар және ғылыми ізденушілер дәріс алады. 63 кафедрада 1100 оқытушы, оның 226-ы ғылым докторы, профессоры, 550-і ғылым кандидаттары мен доценттер.

10 жыл бұрын (2005) Атырау мұнай өндеуші зауытының есімі ғаламшарға берілді.

«Рос Астро» аспан денелер тізімдемесінде Атыраудың мұнай өндеуші зауытының есімі Бикеш шоқжұлдызының тоғызыншы көлеміндегі жұлдызға берілді. Галактикалық координаттар бойынша ол Күннен 281 жарық жыл ұзындығында орналасқан. Халықаралық нөмірі - FE 095-259.

9 жыл бұрын (2006) Лондондағы танымал концерт залдарының бірі - Барбикан-Холлда Қазақстан Елшілігінің ұйымдастыруымен және қаржылай қолдауымен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Студенттік симфониялық оркестрінің концерті өтті.

8 жыл бұрын (2007) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактінің, сондай-ақ Зорлық пен зомбылыққа және басқа да ауыр, адамгершілікпен сыйыспайтын немесе кемсіту түріндегі жазалауларға қарсы Конвенцияның факультативті хаттамаларына қол қойды.

Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық келісім 1996 жылы Бас Ассамблеяның қарарымен қабылданған болатын. Оның факультативті хаттамасы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитеттің құзыреті салаларын анықтайды. Зорлық пен зомбылыққа және басқа да ауыр, адамгершілікпен сыйыспайтын немесе кемсіту түріндегі жазалауларға қарсы Конвенция 1984 жылы қабылданды. Оның факультативті хаттамасы БҰҰ сарапшыларына Конвенцияның қатысушы-елдеріндегі түрмелер мен тергеу оқшауландыру орындарында болу мүмкіндігін беріп, зорлық-зомбылықтарды болдырмауға бағытталған ұлттық тетіктерді құруға шақырады.

4 жыл бұрын (2011) Қырғызстанның белгілі ғалымы Мақсұт Сартбаев Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығына отбасылық ғылыми еңбегін берді.

4 жыл бұрын (2011) Қазақстанның «Мәдениет» алғашқы мәдени-ағарту телеарнасы көрсетіле бастады

3 жыл бұрын (2012) Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ шығарған «Аңшы бала» кинокартинасы Анапада өткен «Киношок-2012» ТМД, Латвия, Литва, Эстония елдерінің XXI ашық кино фестивалінің аясында «КиноМалыШок» байқауының үздік фильмі атанды

2 жыл бұрын (2013) оңтүстік астанада «Театр дәмханасында» «Хабар» агенттігі мен «Ел Арна» телеарнасының жаңа жобасы «Күн сақшылары» комедиялық-мистикалық сериалының тұсаукесері өтті.

2 жыл бұрын (2013) Алматыда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де белгілі ғалым-экономист және қоғам қайраткерінің өмірі мен қызметіне арналған «Өнегелі өмір» сериясынан «Сағындық Сатыбалдин» кітабы таныстырылды.

Бір жыл бұрын (2014) «Қайрат» клубының жасөспірімдер академиясы отандық футболдың аңызына айналған Тимур Сегізбаевтің есімін алды.

КСРО спорт шебері, Қазақ СРО, ҚР еңбек сіңірген бапкері Т. Сегізбаев жас қайраттықтарға сөйлеген сөзінде өз елінің нағыз патриоты болуды тіледі.

55 жыл бұрын (1960) Фидель Кастро 4 сағат 29 минутқа созылған БҰҰ тарихындағы ең ұзақ баяндама оқыды.

ЕСІМДЕР

110 жыл бұрын (1905-1975) өлкетанушы, Қазақстанның халық ағарту ісінің озаты, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі ЗАРИПОВ Ғұмар дүниеге келді.

Қазіргі Батыс Қазақстан облысында (бұрынғы Бөкей ордасы) туған. Алматы педагогикалық училищесін, Орал педагогикалық институтын бітірген.

Туған ауылындағы мектепте мұғалім болған. Жергілікті, республикалық мерзімді баспасөз беттеріне мақалалар жазып тұрған. Өлкені аралап, ауыз әдебиеті нұсқаларын, Орда туралы тарихи деректерді жинаған. Оның өлкетанушылық еңбектері негізінде «Кеңес өкіметі үшін күресте» кітабы жарық көрген. 1954 жылы Алматыда өткен республикалық педагогикалық оқуда оның «8-10 кластарда көркем әдебиет шығармаларын талдау» атты баяндамасы 1-дәрежелі сыйлыққа ие болған. Сондай-ақ өлең, көркем әңгіме, әдеби сын жазған.

«Құрмет белгісі», Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен марапатталған.

107 жыл бұрын ақын ЖАРОКОВ Таир (1908-1965) дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Ленинградтың тарих, философия және әдебиет институтының аспирантурасын бітірген. 1932-1942 жылдары жаңадан құрылған Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастыру комитетінің хатшысы, «Қазақ әдебиеті» газеті редакторының орынбасары, халық ақыны Ж.Жабаевтың әдеби хатшысы қызметтерін атқарған. 1946-1965 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасында (қазіргі «Жазушы» баспасы) жауапты қызметте болған. Ақынның алғашқы өлеңдер жинағы 1932 жылы «Жұлдыз жарығы» деген атпен басылып шыққан. Әр жылдарда «Нефстан», «Коммунизм таңында», «Мотор жыры», «Күн тіл қатты», «Мұз тұтқыны», «Тасқын», «Отан дауысы», «Нарын», «Тастағы жазу», «Совет сұңқарлары», «Бақыт жырлары», «Жапанды орман жаңғыртты», «Костер басында», «Қырда туған құрыш», «Жыр қанаты», «Құмдағы дауыл», «Тау жырлайды», «Теңіз баласы», «Тасқынға тосқын» атты кітаптары жарық көрген. Көркем аударма саласында А.Пушкиннің «Цыгандар», «Кавказ тұтқыны», «Коломнадағы кішкене үй», «Ағайынды қарақшылар», М.Лермонтовтың «Черкестер», Грибоедовтың «Ақылдың азабы», М.Алигердің «Зоя», т.б. туындыларын қазақ тіліне тәржімалаған.

Бірнеше орденмен марапатталған.

57 жыл бұрын (1958) ақын, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі БЕКТЕМІРОВА Марфуға дүниеге келген.

Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін сырттай оқып бітірген. Уәлиханов, Зеренді аудандық және облыстық «Көкшетау правдасы» газеттерінде, Қостанай облыстық радиосында тілші және Қостанай облыстық әкімшілігінде қызмет атқарған. Республикалық «Ана тілі» газетінің Қостанай облысы бойынша меншікті тілшісі болған. Қазір Қазақстан Жазушылар одағы Қостанай облыстық филиалының директоры және балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық «Жас ұлан» газетінің редакторы қызметін атқарады. Ақынның өлеңдері «Жыр тәңірі», «Тың тынысы», «Көңіл әуендері», «Арман қанатында» және «Қарлығаш» атты ұжымдық жинақтарға енген. Сондай-ақ «Жанары жәудір дүние», «Айдыным менің», «Ғашық жүрек», «Еңлік гүл» атты жеке жыр жинақтары жарық көрген. Ақын республикалық «Жігер» фестивалі мен Абайдың 150 жылдығына арналған жыр мүшәйрасында жүлдегер атанған.

16 6 жыл бұрын (1849-1936) орыстың физиолог-ғалымы, Нобель сыйлығының лауреаты, жоғарғы жүйке қызметі туралы ілімді жасаушы ПАВЛОВ Иван Петрович дүниеге келді. 14 1 жыл бұрын (1874-1940) американ фотографы ХАЙН Льюис дүниеге келді. 12 8 жыл бұрын (1887-1979) ағылшын ғалымы, инжеер және өнертапқыш Барнс УОЛЛЕС дүниеге келді. 8 1 жыл бұрын (1934) кеңестік және ресей театр және кино актері, КСРО халық әртісі БАСИЛАШВИЛИ Олег Валерианович дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар