10:50, 22 Қыркүйек 2011 | GMT +5
26 қыркүйекте Астанада Тәуелсіздік сарайында «Мәдениет» телеарнасының салтанатты тұсаукесері өтеді
ТАНА. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат - 26 қыркүйек күні Тәуелсіздік сарайында отандық телевизия тарихындағы тұңғыш мәдени-ағарту «Мәдениет» арнасының тұсаукесері өтеді.

Сондай-ақ «Қаақстан» телерадиокорпорациясының қыркүйек айынан бастап толық мемлекеттік тілде хабар таратуға көшуіне және «Балапан» телеарнасына 1 жыл толуына арналған мерекелік шаралар өтеді, деп хабарлады «Қазақстан» телерадиокорпарациясының баспасөз қызметі.
Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Мәулен Әшімбаев, ҚР премьер-министрі кеңсесі жетекшісінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, ҚР Президент Әкімішілігі ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Дархан Мыңбай, ҚР Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев және танымал қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушылар, БАҚ өкілдері қатысады.